
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде «Келешек мектептер» ұлттық жобасын іске асыру аясында Петропавл қаласындағы «Береке» шағын ауданында 600 орындық мектептің салтанатты ашылуына Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы қатысты.
Оқу процесін ұйымдастыру және білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқу зертханалары, компьютерлік сыныптары, STEM-зертханалары, робототехника, физика, химия, биология кабинеттері көзделген.
Мектепте бастауыш сыныптарға арналған жеке блок жасалған, 2 спорт зал, кең асхана, жеке шкафтар орналасқан.
Еңбекке баулуды ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін тиісті жабдықтары бар әмбебап шеберханалар көзделген.
Оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу үшін акт залы, сондай-ақ кітап қоймасы мен оқу залы, медиатека, электрондық кітапхана, оқуға және демалуға арналған коворкинг аймағы бар кітапхана орналасқан.
Мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасалған.
Мектептің барлық үй-жайлары мен жиһаздары ыңғайлы, қауіпсіз және тиімді оқу процесін ұйымдастыру үшін білім алушылар мен педагогтардың оқу-тәрбие қажеттіліктеріне жауап беретін эргономика талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және жабдықталған.