СҚО білім саласында сапаны қамтамсыз ету Департаменті басшысының құттықтауы

СҚО білім саласында сапаны қамтамсыз ету Департаменті басшысының құттықтауы

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар!

Сіздерді бүгінгі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.
Білім - адам өміріндегі сарқылмас қазына. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады.
Еліміздің өсіп-өркендеуі - ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, мектеп біліміне тікелей байланысты.
Сондықтан да, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттарының бірі.
Құрметті ұстаздар!
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!
Ал оқушыларымызға - осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңыздар дегім келеді! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар! Болашақ Сіздердің қолдарыңызда!
Мереке құтты болсын!