
Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындық бойынша мониторингтік іс-шаралар шеңберінде Есіл ауданының Петровка, А. Игібаев атындағы орта мектептеріне және Қызылжар ауданының «Парасат» мектеп-лицейіне барды. Бұл аталған білім ұйымдарында ағымдағы жылы жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Департамент басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Мердігерлік ұйымдар жұмыстардың жалпы көлемі бойынша 70-тен 85 пайызға дейін орындаған.
Сондай-ақ, Департамент басшысы аула дәретханасын бөлшектеу мәселесі бойынша № 3 Бескөл орта мектебінде, интернет жылдамдығы төмен мәселесі бойынша Водопроводная негізгі мектебінде болды. Қызылжар ауданының білім бөлімінің басшысына проблемалық мәселелерді шешу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.
Білім беру мекемелерін жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау Департаменттің тұрақты бақылауында.