
Бүгін Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы азаматтарды қабылдады. Петропавл қаласында орналасқан «Балабақша-мектеп-интернат» арнайы кешені» КММ тәрбиешісі Наталья Валерьевна Михайлечко интернат жанындағы балабақша тобында толық емес жұмыс күні бойынша тәрбиеші болып жұмыс істей алатындығы немесе істей алмайтындығы бойынша түсінік беруді өтінді.
Департамент басшысы Наталья Валерьевнаның қойылған сұрағына «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығын басшылыққа ала отыра жауап берді.
Наталья Валерьевна Департамент басшысының жаубына қанағат болды.