Кеңеске қатысу

Кеңеске қатысу

Департамент басшысы Таласбаева Гүлнәр Темірболатқызы білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына дайындау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Оспан Еділ Сабырұлының төрағалығымен өткен кеңеске қатысты. Кеңеске қатысушыларға мектептерді жаңарту, жаңғырту, жаңа нысандар салу, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылыту маусымына дайындық, білім алушыларды тасымалдау, СЭТ, ӨҚ сәйкестігі, қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру, заманауи пәндік кабинеттерді ашу, сондай-ақ ауладағы дәретханаларды бөлшектеу бойынша мониторингтік іс-шараларды жүргізу бойынша түсініктемелер берілді.
Мониторингтік іс-шаралармен меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдары қамтылатын болатындығы ескертілді.