
2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы басшыларды іріктеуге және даярлауға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы іске асырылуда. Бұл отандық білім беруді дамытудың жаңа кезеңі. Жобаға қатысушылар іріктеудің әртүрлі кезеңдерінен өтіп, өздерінің көшбасшылық, кәсіби және басқару дағдыларын жетілдірді. Кадр резервіне іріктеу бес кезеңде өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау үшін тестілеу, оқыту, елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиямен әңгімелесу.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 2023, 2024 жылдары облыс мектептері директорларының 16 орынбасары осы бағдарлама бойынша оқудан өтті. Бүгінгі таңда 5 резервші тағайындалды.
Тимирязев ауданына барған кезде Департамент басшысы Таласбаева Г.Т. Мичурин орта мектебінің директоры Еременко Екатерина Александровнамен «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» курсының сертификаты иегерімен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында әріптесім мектеп директоры лауазымында алған тәжірибесімен бөлісті, қиындықтары, проблемалары және, әрине, өзі басқаратын мектептің жетістіктері туралы айтты. Білім беру саласында 30 жылдан астам тәжірибесі бар Департамент басшы маман ретінде жас көшбасшының жұмысына көмектесетін бірқатар ұсыныстар мен кеңестер берді.