Жас педагогтердің облыстық слеті

Жас педагогтердің облыстық слеті

Бүгін Департамент басшысы Таласбаева Гүлнар Темірболатқызы Петропавл қаласында өтіп жатқан жас педагогтердің IV облыстық слетінің ашылуына қатысты. 2 күндік алаңға тәжірибе алмасу, шабыт алу және жаңа кәсіби бағдарларды қалыптастыру үшін 50 жас педагог шақырылған. Іс-шараға құрметті қонақтардан басқа спикерлер қатысуда: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаменті, «El Үміті» корпоративтік қорының олимпиадалық даярлау орталығының басқарма мүшесі, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ СҚО бойынша филиалының директоры.

Департамент басшысы жас педагогтар алдында құттықтау сөз сөйлеп, білім беру үдерісінің тиімділігі, оқушылардың жетістіктері және олардың болашақ өмірге дайындығы көбінесе мұғалімдердің жұмыс сапасына байланысты екенін, дәл осы жоғары білікті, ынталы және шығармашылық педагог оқыту үшін қолайлы атмосфера құруға, білім мен дағдыларды беруге, сондай-ақ оқушыларда қажетті құзыреттерді дамытуға қабілетті екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқу-тәрбие процесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен және педагогикалық этика нормаларымен таныстырды.