
Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева білім беру ұйымдарын жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындау мониторингі шеңберінде Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Қайырұлы Жаровпен және әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Мара Маскенқызы Жұмабаевамен кездесті. Кездесуде басшы облыстың білім беру саласындағы өзекті мәселелерін назарларына жеткізіп, Департаменттің ағымдағы кезеңге өткізген бақылау іс-шараларының қорытындыларын ұсынды, сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» заңға, мектеп директорларының бос орындарына қатысты мәселеге назар аударды.
Сонымен қатар, Тимирязев ауданының 8 мектебінде болып мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету, пәндік кабинеттерді, жиһаздарды сатып алу, спорт залдарының, асханалардың, медициналық кабинеттердің жай-күйі, қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету, 2025 жылы мектептерді жаңарту, мектептерді жаңғырту, мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, санитарлық тораптардың болуы, аула дәретханаларын бөлшектеу мәселелері бойынша сұрақтарды байқайды.
Басшы кездесу барысында мектеп директорларына бірқатар ұсыныстар беріп сұрақтарға жауап берді.