
Бүгін, 2025 жылғы 17 маусымда, Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін мемлекеттік бақылау және лицензиялау бөлімінің басшысы М. А. Панарина Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастырған кезекті семинарға қатысты.
Семинар мектептерді мемлекеттік аттестаттауға дайындау мәселесіне арналды. Семинарға қатысушылар-әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандары және 2025 жылы кезекті аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары.
Әдістемелік орталық жетекшісі Р. С. Саркеннің алғы сөзінен кейін Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов орта мектебі директорының орынбасары Н.А.Панкееваға сөз берді, ол аттестаттауға дайындық тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушылардың назарын өзін-өзі бағалаудың негізгі сәттеріне аударды. Н. А. Панкееваның ақпаратына түсініктеме М.А.Панарина берді, негізінде аттестатталмаған мектептердің көпшілігі білім беру саласындағы қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білмеуімен, сондай-ақ өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға жосықсыз көзқараспен сипатталатынына назар аударды. Бақылаушы органның қызметкері семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Семинар барысында білім бөлімдерінің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп мектептердің мемлекеттік аттестаттауға дайындық барысын бақылауға және әдістемелік көмек көрсетуге шақырылған Департамент тартатын сарапшылар қатарынан құрылған бірнеше мобильді топтарды құру туралы ақпарат айтылды.