Мамлют ауданы білім бөлімінің кеңесіне қатысу

Мамлют ауданы білім бөлімінің кеңесіне қатысу
Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева бүгін (21.05.2025 ж.) Мамлют ауданының аудандық білім бөлімінің кеңесіне қатысты. Кеңесте ауданның, облыстың білім беру жүйесінің өзекті мәселелері айтылды.
Білім беру ұйымының басшыларын Департаменттің бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы таныстырды, аудан мектептерінің арасында мемлекеттік аттестаттау өте алмаған білім беру ұйымдарында анықталған негізгі бұзушылықтарға, сондай-ақ мектептер үшін білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі, PISA нәтижелері туралы тоқталды. Бұдан басқа, чек-парақтарға сәйкес жүргізілетін мониторингтік қызметтің нәтижелерін ұсынды.
«Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ нормаларын сақтау, мұғалім мамандығының беделін арттыру, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу бойынша жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланды.
Департамент басшысы оқу жылының аяқталуы, мектептерде қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде академиялық адалдықтың сақталуы, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруы, қауіпсіз жағдайлар жасау мәселелеріне ерекше назар аударды.