Солтүстік Қазақстан облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Өтініштерді қабылдау және «Білім беру қызметіне лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде «Білім беру қызметіне лицензияны қайта ресімдеу» - 3 қызмет көрсетілді, «Білім беру қызметіне лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру» - 1 қызмет көрсетілді, «Білім беру қызметіне қосымша беру» - 2 қызмет көрсетілді. Құжаттар топтамасының толық болмауына байланысты «Білім беру қызметіне лицензия және/немесе лицензияға қосымша беру» мемлекеттік қызметінің - 1 қызмет бойынша бас тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалдарының Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады - www.egov.kz.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады.
Есепті кезеңде білім туралы құжаттарға - 37 апостиль қойылды, бас тартулар болған жоқ.
Шығу елдері: Австрия, Венгрия, Германия, Италия, Польша, Чехия, Россия.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Департаменттің сайтында және ақпараттық стендтерінде орналастырылған.
Консультациялық көмек телефон арқылы немесе жеке қабылдау арқылы көрсетіледі.