Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған және білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Департамент тарапынан 2026 жылғы тамыз айында мемлекеттік аттестаттау 24 жекеменшік балабақшада жүргізілді.
2026 жылғы тамыз айында Қағидалар талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін 3 балабақша («Сулейман ата» балабақшасы», «Салтан-Ай-Курал» бөбекжай бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Алинур» бөбекжай-бала-бақшасы» ЖШС-нің №1 филиалы) белгіленген мерзімде Департаментке анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынды. Аттестаттау комиссиясы 3 балабақшаға бару арқылы мемлекеттік бағалау жұмыстарын жүргізді. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды рәсімделді.
2026 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметін міндетті лицензиялау енгізілді.
Осыған сәйкес, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті лицензиялау рәсімдерін заңнама талаптарына сәйкес жүргізді.
Нәтижесінде белгіленген талаптарға сәйкес келген үш ұйымға балаларды сауықтыру қызметімен айналысуға лицензия берілді. Олар:
1. «Үш-бұлақ» маусымдық сауықтыру лагері;
2. "Hawaii Shymkent" маусымдық сауықтыру лагері;
3. Шымкент қаласы білім басқармасының «№2 Оқушылар сарайы» жанындағы дарынды балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру лагері
Жаңа лицензиялау жүйесі аясында Шымкент қаласында алғаш рет дарынды балаларға арналған жыл бойы жұмыс істейтін оқу-сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
Қазіргі уақытта мұнда қалалық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатарынан 110 бала кезең-кезеңімен демалуда.
2026 жылғы жазғы маусымда қала аумағындағы және қала сыртындағы лагерлерде барлығы 11 200 бала демалыспен және сауықтырумен қамтылу жоспарланған. Балалар 10 күндік кезеңдермен демалысқа қамтылып, қауіпсіз әрі мазмұнды ортада демалуда.
Алдағы уақытта да балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапалы демалысын ұйымдастыру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.
Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан мемлекеттік аттестаттау ұсынылған құжаттар негізінде жүргізілді.
Бағалау барысында:
🔹 мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының орындалуы;
🔹 педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкестігі;
🔹 оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы;
🔹 тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
🔹 материалдық-техникалық базаның жай-күйі;
🔹 құжаттаманың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі қаралды.
Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдарының қызмет сапасын бағалауға, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және білім беру сапасын одан әрі арттыруға бағытталған маңызды рәсім.
Білім беру сапасын арттыру – бірлескен жауапкершілік пен кәсіби ынтымақтастықтың нәтижесі.
Осы орайда, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Рыскелді Салхутдинұлы Әліш білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау іс-шараларын сапалы ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысып, кәсіби сараптамалық қолдау көрсеткен сарапшыларға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Алғыс хаттарын табыс етті.
🔹 Елдос Есенбаевич Абдираимов – Жол-көлік колледжі;
🔹 Азиза Кочкаровна Корганова – Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп;
🔹 Баян Оразханқызы Ильясова – №46 мектеп-лицей;
🔹 Бақтыкүл Аманқызы Бактиярова – №60 жалпы орта білім беретін мектеп;
🔹 Гүлмира Нематқызы Жүсіп – А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицей;
🔹 Қанат Сайдиллаұлы Базарбаев – №27 жалпы орта білім беретін мектеп;
🔹 Ербол Лесханұлы Сұлтанов – №141 жалпы орта білім беретін мектеп;
🔹 Гүлжамал Шаншарқызы Қуандыкова – Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия.
Сарапшылардың кәсібилігі, жауапкершілігі және адал еңбегі білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосып келеді.
👏 Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, толағай жетістіктер және ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!
2026 жылғы 18 маусымда Шымкент қаласы Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Р.С. Әліш Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысымен бекітілген 2025-2030 жылдарға арналған «Заң және Тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы орындау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтардың жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, халықтың құқықтық санасының деңгейін арттыруға, заңға құрмет көрсетуге тәрбиелеуге және азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттері қаралды.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары, қызметтік әдеп нормалары, білім беру ұйымдарының қызметінде маңызды мәнге ие парасаттылық пен академиялық адалдық қағидаттары түсіндірілді.
Жүргізілген жұмыс:
* білім беру қызметкерлерінің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру;
* тәртіп пен жауапкершілікті нығайту;
* сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
* білім беру ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу;
* белсенді азаматтық ұстанымды және заңға құрметпен қарауды дамыту.
2026 жылғы 28 сәуір күні Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының мәслихат депутаттары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының директоры, Департамент жанынан құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинарды Департамент басшысы Р. Әліш ашып, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген білім беру саласындағы негізгі қағидаттарға кеңінен тоқталды. Ол мемлекет әрбір азаматтың тегін әрі міндетті орта білім алуына кепілдік беретінін атап өтті.
Сонымен қатар, Конституциялық қағидаттардың білім беру жүйесіндегі маңызын айқындай келе, келесі негізгі бағыттарды ерекше атап өтті:
* білім беру стандарттары арқылы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтып, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;
* білім мен ғылымды мемлекет дамуының стратегиялық басымдығы ретінде қарастыру;
* педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және олардың еңбегін лайықты бағалау;
* жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі арқылы қаржының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету;
* мектептер мен колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңғыртып, заманауи білім беру ортасын қалыптастыру.
Семинар барысында қатысушылар білім беру ұйымдарында конституциялық құндылықтарды насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, педагогтердің құқықтарын қорғау және білім сапасын арттыру бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, саладағы заңнамалық өзгерістер мен оларды тәжірибеде тиімді қолдану жолдары қарастырылды.
Іс-шараға қатысушылар білім беру ұйымдарында конституциялық қағидаттарды одан әрі ілгерілету, құқықтық сауаттылықты арттыру және сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша сөз сөйлеп, ұсыныстарын ортаға салды.
Семинар білім беру жүйесіндегі құқықтық мәдениетті нығайтуға, педагогтердің кәсіби қызметін қолдауға және білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды алаң болды.
ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТАР!
Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын қолдану тәжірбиесі бойынша педагог қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама жүргізілуде.
Сауалнама тек қоғамдық, ақпараттық-талдамалық сипатқа ие.
Сауалнама нәтижелері педагогтерді қолдау жөніндегі тиісті шараларды жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлеу және талдау жүргізу үшін жинақталған түрде пайдаланылатын болады.
Сіздің пікіріңіз өте маңызды.
🔗 Сауалнамаға қатысу үшін сілтемеге өтіңіз:
👉 https://forms.gle/4FWajx3nKRVPKA3r8
Қатысқаныңызға алғыс білдіреміз!