«Білім берудегі аймақтық көшбасшылық: инновация және жасанды интеллект іс жүзінде»

«Білім берудегі аймақтық көшбасшылық: инновация және жасанды интеллект іс жүзінде»

2025 жылдың 25-28 ақпан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебімен бірлесіп «Білім берудегі аймақтық көшбасшылық: инновация және жасанды интеллект іс жүзінде» тақырыбында кәсіби даму бағдарламасын өткізуде.
Аталған бағдарламаға Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы Шымкент қаласының Делегациясымен бірге қатысуда.
Бағдарлама бірнеше модульдерге негізделіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табуға бағытталған.