Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандардың онлайн кеңістікте қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударады.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандардың онлайн кеңістікте қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударады.
📣 Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ата-аналарға мессенджерлердегі дәстүрлі емес топтар туралы ақпараттың таралуына байланысты үндеуі
❗️Құрметті ата-аналар мен педагогтар!
🚸Балалардың құқықтарын қорғау комитеті кәмелетке толмағандардың онлайн кеңістікте қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударады.
📲Қазіргі уақытта мессенджерлер арқылы таратылатын, дәстүрлі емес топтармен байланысты және балалардың қабылдауына, эмоциялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін ақпараттың таралуын болдырмау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Өңірлерде ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді түрде атқарылуда.
📌Сонымен қатар, Комитет Ішкі істер министрлігіне, Мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға тиісті хаттар жолдап, жасөспірімдердің мұндай топтар мен іс-шараларға тартылуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдау туралы ұсыныстарын жеткізді.
⚠️Естеріңізге саламыз, білім беру ұйымдарында оқушылардың психоэмоционалдық жағдайына әсер етуі мүмкін кез келген әрекетке қатаң шектеу қойылған. Тәрбие жұмыстары мемлекеттік білім беру стандарты мен ұлттық құндылықтарға сәйкес жүргізіледі.
❕Комитет ата-аналарды балаларды ықтимал қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында цифрлық қауіпсіздігіне мұқият қарауға, олардың онлайн-әрекеттерін қадағалап, сенімді қарым-қатынас орнатуға шақырады.
 
https://www.facebook.com/share/p/18mNQja9W2/