
2025 жылдың 18 ақпанында Шымкент қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаменті қаладағы 27 білім беру ұйымының басшыларымен PISA-2025 халықаралық зерттеуіне қатысу бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Агманова Дина Теймирхановна білім беру ұйымдарында PISA 2025 зерттеуін жүргізу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында PISA-2025 сандық тренажерлерінің орнатылуы және оқушылардың тестілеу нәтижелері талқыланды.
PISA (Programme for International Student Assessment) – білім сапасын бағалаудың ең маңызды халықаралық құралы. Зерттеу әр 3 жыл сайын өткізіліп, 15 жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстану пәндері бойынша жетістіктерін бағалауды мақсат етеді.
2025 жылы өтетін халықаралық зерттеуге Шымкент қаласынан 27 білім беру ұйымы іріктелді, оның ішінде 5 колледж және 22 мектеп бар. Зерттеуге қатысатын жалпы оқушылар саны 3444 адамды құрайды, оның ішінде 2800 мектеп оқушысы және 644 колледж студенті.