
Шымкент қаласының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімі ағымдағы жылдың 17.02 күні ақпан айында мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарының басшыларымен ZOOM арқылы кездесуді өткізді.
Кездесу барысында анықталған бұзушылықтар толық талқыланды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекіту қажеттілігі түсіндіріліп, қайта аттестаттауға мерзім белгілеу үшін сұраныс жіберу керектігі айтылды. Сондай-ақ, қатысушылар барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.