Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметтерінің бірі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларына бағытталған.
- Әдеп кодексі қызметтік әдеп стандарттарын белгілейді және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға негіз болып табылады.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды. Ал, қоғам мемлекеттік қызметшілер өз міндеттері мен функцияларын заңдарға сәйкес барлық адал ниетімен және тиімді түрде орындайды деп есептейді.
- Осыған орай, халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін нығайту мақсатында әр мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқаруы қажет.
- Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілік, адалдық, әділдік, сыпайылық, сонымен қатар мемлекеттік қызметтің негізгі тұтынушысы саналатын халықтың талабына барынша икемді болуы және өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
- Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс
- Жоғарыда көрсетілгендей, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланысты жақсарту бағытында мемлекеттік қызметшілердің тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылуы керек.
- Сонымен қатар, жоғарыда айтылғанның негізінде, жұмыс барысында және жұмыстан тыс уақытта қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырамын.
Департамент басшысы
Р. Әліш