
05.12.2024 жылы Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шымкент қаласының білім басқармасының «Т.Тәжібаев» атындағы №47 мектеп-гимназиясының ғимаратында 2025 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін орта білім беру ұйымдарының басшыларымен мемлекеттік аттестаттауды өткізу туралы семинар-кеңес өткізді.
2025 жылы Шымкент қаласында 65 мектеп (мемлекеттік–44, жекеменшік – 21) мемлекеттік аттестаттаудан өтеді.
Семинар-кеңес барысында департамент басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы және білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Агманова Дина Теймирхановна мемлекеттік аттестаттаудан өту барысы туралы толыққанды түсіндіріп, ақпараттармен бөлісті.
Нақтырақ атап өтетін болсақ:
Сонымен қатар бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жол бермеу мәселелері талқыланды.
Семинар-кеңес соңында білім беру ұйымдарымен сұрақ-жауап түрінде сұхбат жүргізілді.