
Еліміздің барлық аймақтарында соңғы уақытта интернет желісі және телефон арқылы алаяқтық жасау әрекеттері орын алуда.
Алаяқтар жеке мәліметтерді алу мақсатында (өз пайдасына қарай) ресми сайттардан алынған ақпаратты пайдаланып өздерін Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері атынан таныстыруда.
Мұқият және сақ болыңыз!
Құпия сөздерді, банктік деректерді және басқа құпия немесе қызметтік ақпаратты бермеңіз, ақша аудармаңыз. Күдікті сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз жіберушілерден файлдарды жүктемеңіз. Деректеріңізді құпияда сақтаңыз және сақ болыңыз!
Алаяқтар әрекеттерінің мысалдарын қоса тіркеледі (скрин шоттар, фото).