Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерін өзектендіру мақсатында әзірлеген бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) жобасын Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметкерлермен талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
МЖМБС жобасын талқылау барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
- қолданыстағы Стандартқа өзгерістер мен толықтырулар;
- стандарттардың қолданылу салалары;
- білім мазмұнына қойылатын талаптар;
- бастауыш/ негізгі орта білім берудің базалық құндылықтары;
- инклюзивті білім берудің негізгі талаптары;
- бастауыш білім берудің салалары, пәнаралық біріктіру;
- білім стандарттарының «бағалау» бөліміне кіріспе;
- білім беру салалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелері;
- кәсіптік бағдар беру және әлеуметтік GPA бағалау;
- бастауыш/негізгі орта білім берудің мемлекеттік, жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мониторингі бойынша талдаулар жүргізу.