
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын балабақша меңгерушілерімен және жауапты мамандармен «Ы.Алтынсарин» атындағы №65 мектеп-гимназиясының ғимаратында мемлекеттік аттестаттауды өткізу туралы семинар-кеңес өткізді.
2025 жылы Шымкент қаласында 158 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Оның ішінде 93 балабақша (мемлекеттік – 33, жекеменшік – 60), 65 мектеп (мемлекеттік – 44, жекеменшік – 21).
Семинар-кеңес барысында департамент басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы және білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Агманова Дина Теймирхановна мемлекеттік аттестаттаудан өту барысы туралы толыққанды түсіндіріп, ақпараттармен бөлісті.
Нақтырақ атап өтетін болсақ:
- нормативтік-құқықтық актілер;
- мемлекеттік аттестаттау алгоритімі;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары ұсынатын құжаттар;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру бойынша құжаттарға қойылатын талаптар бойынша;
- мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін бағалауға арналған өлшемшарттар және тағы басқалар.
Семинар-кеңес соңында білім беру ұйымдарымен сұрақ-жауап түрінде сұхбат жүргізілді.