«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Рыскелді Салхутдинұлы Әліш және білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің бас маманы М.Абдираймова «Жайлы мектептің» бірінші басшылардың қатысуымен ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізді.
Түсіндірме барысында білім беру қызметіне лицензияны беру процессі барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығы негізінде білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесімен таныстырылды.
Ақпараттық түсіндірме жұмыс кезінде «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» басшыларына білім беру қызметіне лицензияны беру барысындағы нормативтік құқықтық актілерін таныстырылып, кері байланыс жүргізілді.