«Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді

«Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазына 1000 АЕК көлемінде сыйақы берілді

          Мұғалім – мамандық, ал ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын сапалы білім мен тәрбие беруге арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артық етпейді. 

         Осы орайда Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлықпен марапаттаған Шымкент қаласының №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының мұғалімі М. Галиеваны, «Мұхамед Хайдар Дулати» атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған гимназияның мұғалімі Ю.Грязновты, «Саз колледжінің» арнайы пән оқытушысы О. Дмитриеваны, Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияның мұғалімі Г.Шералханды құттықтайды.

      Сіздерге жұмыста еңбектеріңіз жемісті болсын деп, шығармашылық табыс тілейді!

https://www.facebook.com/61553302862948/videos/1602688503965423/?mibextid=WC7FNe&rdid=asULOgyattc1shay#