
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы Шымкент қалалық білім саласы ардагерлер қоғамының төрағасы Күздеубаев Жолдасбек Мейрамбекұлымен және төраға орынбасары Ахметбаев Аманбек Молдабекұлымен кездесті.
Кездесу барысында Тәуелсіздік туы желбіреген дербес еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда сапалы білім мен саналы тәрбие берудің маңыздылығы туралы пікір алмасып, ұтымды ойларымен бөлісті.
Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу және білім беру барлық кезеңде өзекті.