
Бүгінгі күні Республикада аса маңызды «943-еліміздің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы жүзеге асырылуда. Мақсатты мектептерді қолдау жобасы жай ғана бастама емес – бұл мектептердегі білім сапасын түбегейлі өзгертуге бағытталған стратегиялық бағыт.
Композитті индекс арқылы анықтау нәтижесінде Шымкент қаласының 74 мектебі мақсатты мектептер қатарына еніп отыр. Биыл бұл жобаға 40 мектеп қосылды.
Осыған орай, 21.10.2024 жылы Шымкент қаласының оқушылар сарайында «Еліміздің мақсатты мектептерін дамытуда кешенді тәсіл: қажеттіліктерді талдаудан бастап атаулы қолдауға дейін» тақырыбында жобаға енген 40 мақсатты мектеп басшыларымен отырыс өтті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Мелдебекова Майра Тұрғанбайқызы, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу орталығының директоры Аманжолов Дулат Аманжолұлы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Үздіксіз дамуды қамтамасыз ету Департаментінің директоры Ниязова Гулияш Балкеновна орта білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі, мақсатты мектептерді анықтау кезеңдері, мақсатты мектептерді дамыту жобасын іске асырудың барысы, даму траекториясы туралы баяндап, білім беру ұйымдарының басшыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Отырыс соңында Шымкент қаласының білім басқармасының №125 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Умбетбаев Баглан Шереханович және мектеп басшылары көкейкесті сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.