
Қаламыздағы З. Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің директоры Тойлыбаева Жанар Джураевна әріптестерімен ортақ тіл табыса алатын, көпшіл, білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын, өзінің құқықтары мен міндеттерін жоғары деңгейде білетін және қызметте жауапты, еңбексүйгіш, талап қоя білетін іскер ұйымдастырушы, жоспарлау қабілеттілігі жоғары сауатты ұстаз басшы.
28 жыл ұстаздық қызмет жолында: 2011 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, 2019 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталса, оданда жоғары жеткен жетістіктері бағаланып,Президентіміздің қолынан 2024 жылы ұстаздар мерекесіне орай Жанар Джураевна «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алды.
Департамент басшысы Р.Әліш 2024 жылы 09 қазан күні Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазыЖанар Джураевнаны арнайышақырып марапатымен құттықтады.
Жанар ДжураевнаШымкент қаласының ғана емес Қазақстан Республикасының мақтан тұтар ұстазы.