
03.10.2024 жылы Шымкент қаласында «WorldSkills Shymkent-2024» аймақтық чемпионаты қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
23-27 қыркүйек аралығында қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «WorldSkills Shymkent - 2024» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңі өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына өте үлкен көңіл бөліп, нақты міндеттер қойып отыр. Соның ішінде «WorldSkills» құзыреттіліктерін білім бағдарламаларына енгізу – біздің алдымызда тұрған басты мақсат, деп атап көрсетіп, WorldSkills қозғалысын дамытуға ерекше мән берді. Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы елдің тұрақты дамуы үшін жасалған маңызды қадам. Бұл шешім ел экономикасының дамуына жұмысшы мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын көрсетеді.
«WorldSkills Shymkent - 2024» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінде 42 құзыреттілік бойынша 221 үміткер бақ сынады.
Іс-шарада Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы «WorldSkills» құзыреттіліктерін білім бағдарламаларына енгізу бағыттарына тоқталып, жеңімпаздарды марапаттап, сәттілік тіледі.