
25-27 қыркүйекте Шымкент қаласында «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру мақсатында «Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практиға» тақырыбында семинар болып өтті. Оған «Мақсатты мектеп» жобасына енген 40 мектептің басшылары қатысты.
Семинарға Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы қатысып, мектеп басшыларына «Мақсатты мектеп» жобасының тиімділігі туралы жан-жақты түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Агманова Дина Теймирхановна «Мектеп қызметінің сапасын басқару: сапаны қамтамасыз ету қағидаттары мен әдістері, мониторинг пен бағалауды ұйымдастыру» бағытында және «Мектепішілік бақылаудың міндеттері мен механизмдері» тақырыбында баяндама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында өзекті мәселелер талқыланып, жоба аясында орындалатын жұмыстар бойынша пікір алмасулар өткізілді. Семинар өз жұмысын сәтті аяқтады.