Білім беру ұйымдарындағы педагокикалық әдеп кеңесі төрағаларының кездесуі

Білім беру ұйымдарындағы педагокикалық әдеп кеңесі төрағаларының кездесуі

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанынан құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2024 жылғы 19 қыркүйек күні кезекті отырысы өтті. Сонымен қатар, жалпы орта білім беретін мектептерде құрылған педагогикалық әдеп кеңесінің төрағаларымен «Білім беру ұйымдарында құрылған педагогикалық әдеп кеңесінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары» тақырыбында семинар-кеңес болды.

          Семинар-кеңестің мақсаты: білім беру ұйымдарындағы педагогтердің педагогтік әдепті сақтау, педагогтардың құқын қорғау, мәртебесін көтеру.

          Кеңестің кезекті отырысында Департамент жанынан құрылған педагогикалық әдеп кеңесінің төрағасы Кеңестің жылдық жоспар бойынша атқарған жұмыстары туралы, әдеп кеңесіне енген жаңа құрамымен таныстырып өтті. Семинар-кеңесте Департаменттің бас маманы М. Абдираимова білім беру ұйымдарында құрылған педагогикалық әдеп кеңесінің жұмысын ұйымдастыру қағидалары туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.

           Семинар-кеңес соңында Түркістан облысы Білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз, Шымкент қаласы білім басқармасының  №130 жалпы орта білім беру мектебінің педагогикалық әдеп кеңесінің төрағасы Байғұтов Нышан Тасболатұлы және Департамент жанынан құрылған педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі Жандосова Баян Айтбековна әдеп Кеңесі жұмысының маңызды екенін айта келе, заң аясында бірлесе жұмыс жүргізуге шақырды.