
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 05.12.2022 жылғы №486 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылғы қыркүйек айында жалпы саны 15 мектепте тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін 4, 9–сыныптардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелерін бағалау жүргізілмек.
Үстіміздегі жылғы 19 қыркүйекте Шымкент қаласындағы №№12, 49, 84, 107 орта мектептердің 4, 9 сынып оқушылары компьютерлік форматта кешенді тестілеуден өтуді бастады.