
13.09.2024 жылы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті «Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері» тақырыбында кеңес өткізді.
Кеңеске Түркістан, Ұлытау, Маңғыстау облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен 2024 жылғы мемлекеттік аттестаттау шараларына түскен білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Әшіров Серік Кенесұлы мен Білім саласын бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Сейтов Аман Бақтыбайұлы мемлекеттік аттестаттау барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Агманова Дина Теймирхановна «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша Департаментпен жүргізілетін жүйелі іс-шаралар» туралы айтып өтті.
Кеңес соңында білім беру ұйымдарының басшыларымен сұрақ-жауап түрінде сұхбат жүргізілді.