
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін орта білім беру ұйымдарының саны – 70. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 05.12.2022 жылғы №486 бұйрығына сәйкес мектептердің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін 4, 9–сыныптардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелеріне бағалау жүргізіледі.
Осыған орай 09.09.2024 жылы Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Агманова Дина Теймирхановна орта білім беру ұйымдарына аттестаттау барысында бітіруші сынып оқушыларын тестілеуден өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.