
2024 жылғы 19 тамызда Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мен Шымкент қаласының білім басқармасы бірлесе отырып бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен білім беру ұйымдарының 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша брифинг өткізді.
Брифинг барысында Департамент басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы мен Басқарма басшысы Шәмшиева Нұргүл Ақылбекқызы білім беру саласында жүргізілген тақырыптық мониторингтер, оқушылар үшін қауіпсіздік пен жайлы ортаны қамтамасыз ету, жөндеу жұмыстары, мектептерді жаңғырту, санитарлық нормаларды сақтау, білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі, мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету туралы баяндады, сондай-ақ педагог мәртебесі және педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы айтып өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.