«Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары»

«Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді  бірлесіп дамыту стратегиялары»

            2024 жылы 15 тамызда «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» педагогтердің қалалық тамыз кеңесінің аясында «Елдің 943 нысаналы мектептерді дамыту» жобасын іске асыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты базасында «Баршаға қолжетімді сапалы білім: мектептерді бірлесіп дамыту стратегиялары» тақырыбында секциялық отырысы өтті.

           Жаңа оқу жылынан бастап «Нысаналы мектептер» жобасы бастау алады. Білім сапасында олқылығы бар 40 нысаналы мектепке әдістемелік сүйемелдеу жасалып, педагогтерінің кәсіби дамуына жағдай жасалады.

            Секциялық отырыста қала әкімі орынбасары Құранбек Сәрсен Абайұлы сөз алып, Шымкент қаласының білім беру ұйымдарындағы проблемалық мәселелерге тоқталып, жалпы қала әкімдігінен толыққанды қолдау көрсететіндігін айтты.

          Оқу-ағарту министрлік өкілі Касымова Акзира Бактыбаевна «943-еліміздегі мақсатты мектептерді дамыту» тақырыбында жобаның негізгі аспектілерін секция қатысушыларына түсіндірді.

           Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Әліш Рыскелді Салхутдинұлы «Жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау/мониторинг қызметі туралы» айтып өтті.

           Секциялық отырыс соңында сұрақ-жауап түрінде сұхбат жүргізіліп, хаттама толтырылып, отырыс қорытындысының қаулысы шығарылды.