
🔷Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы талаптарының орындалуын бақылау және 2024-2025 оқу жылында оқулықтармен толық қамтамасыз етілуін қадағалау мақсатында тиісті тапсырыстардың берілуіне, кітапханашы жұмысының жүргізілуіне 2024 жылғы 10-19 шілде аралығында 121 мекемеге мониторинг жұмысы жүргізілді.
🔷Мониторинг қорытындысы негізінде анықталған кемшіліктер бойынша жекеменшік мектеп директорларына түсіндірме жұмысы жүргізілді.