Мониторинг жүргізу туралы

Мониторинг жүргізу туралы

Шымкент қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 22-2-22-4/4784-И хатының негізінде Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 22-30 шілде аралығында мониторинг жүргізілуде.

Мониторингте:

- күрделі жөндеуді қажет ететін 24 білім беру ұйымдары;

- 2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін ғимаратты пайдалануға берілу жоспарланған 9 жайлы мектептер;

- күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан 4 білім беру ұйымдары қамтылады.

Мониторинг мақсаты – білім беру ұйымдарының жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығын анықтау.