Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы тағайындалды.

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы тағайындалды.

Әліш Рыскелді Салхутдинұлы Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Білімі:
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетін "Бухгалтер" мамандығы бойынша аяқтады.
2013 жылы
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолы:
Жалпы еңбек өтілі - 27 жыл, мемлекеттік қызметтегі өтілі -22 жыл.
Еңбек жолын 1996 жылы Түркістан облысы Отырар ауданы Ш.Қалдаяқов атындағы орта мектепте есепші болып бастаған.
2003-2011 жылдары салық жүйесінде, 2011-2021 жылдары Түркістан ауданы Отырар ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.
2021-2023 жылдар аралығында Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Рыскелді Салхутдинұлына жаңа орында табыс тілейміз!