
2024 жылдың 13-14 маусым күндері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің (бұдан әрі - Комитет) төрағасы Ернұр Нұрланұлы Дәуеновтың модераторлық етуімен екі күндік семинар офлайн режимде болып өтті. Семинарға аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшылары қатысты.
Семинардың алғашқы күнінде комитет қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалып, білім беру жүйесіне байланысты түрлі мәселелер талқыланды.
Семинардың екінші күні аумақтық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері басшыларының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Семинар соңы сұрақ-жауапқа ұласып, жиылғандар бір-бірімен пікір алмасты.