
Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі – Департамент) 2024 жылы200 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Оның 130-мектепке дейінгі ұйымдар, 70-орта білім беру ұйымдары.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 05.12.2022 жылғы №486 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарына» сәйкес ағымдағы жылғы наурыз айында жалпы саны 20 мектепте тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру бойынша білім алушылардың даярлық деңгейінің сәйкестігін айқындау үшін 4, 9–сыныптардың білім алушылары арасында оқыту нәтижелерін бағалау жүргізілмек.
Үстіміздегі жылғы 5 наурызында Шымкент қаласындағы №№17, 21, 26, 29, 37 орта мектептердің 4, 9 сынып оқушылары компьютерлік форматта кешенді тестілеуден өтуді бастады.