
Бүгін, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шымкент қаласындағы №38 «Н.Оңдасынов» атындағы мектеп-гимназияның базасында 2024 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін орта білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік аттестаттауды өткізуде басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық актілер, өткізу алгоритмдері, білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары, т.б. мәліметтер беріліп, сұрақтарға жауап берілді.