ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ

2025-2026 оқу жылында Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының желісі 985 құрады, оның ішінде 646 мектепке дейінгі (мемлекеттік-71, жекеменшік-575), 301 жалпы орта (мемлекеттік-164, жекеменшік-137), 38 техникалық және кәсіптік білім беру (мемлекеттік-12, жекеменшік-26) қызметін жүзеге асырады. 

2025 жылы Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді.

 

Мемлекеттік аттестаттау

            2025 жылы мемлекеттік аттестаттау 158 білім беру ұйымында                                  93 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – балабақша) (33 мемл., 60 жекем.), 65 бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында (бұдан әрі-мектеп) (44 мемл., 21 жекем.) жоспарланған болатын, алайда 6 мектепте, оның ішінде 3 кешкі мектептің қайта құрылуына және 3 жекеменшік мектептің («ASKAR» зияткерлік мектебі, «TM and art educational school», «Таным мектебі») жабылуына байланысты мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілмеді.

            Жалпы 2025 жылы мемлекеттік аттестаттау 152 білім беру ұйымында                                  93 балабақша (33 мемл., 60 жекем.), 59 мектеп (41 мемл., 18 жекем.) өткізілді.  

            Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 40 білім беру ұйымы                    (30 мемл., 10 жекем.) (26,3%) бірінші реттен аттестатталды. Оның 23-і балабақша                 (16 мемл., 7 жекем.) (24,7%), 17-і мектеп (14 мемл., 3 жекем.) (28,8%).

Қалған 112 білім беру ұйымында (44 мемл., 68 жекем.) (73,8%) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша бұзушылықтар анықталған. Оның                      70-ы балабақша (17 мемл., 53 жекем.) (75,3%) және 42-і мектеп (27 мемл., 15 жекем.) (71,2%).

Анықталған бұзушылықтар:

- жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау критерийлері бұзылған;

- бағыттар бойынша тәрбие жұмысы көрсетілмеген, сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру процесінде сәйкессіздіктер анықталды. Мектепте атқарылған тәрбие жұмысы туралы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша мәліметтер сайтқа жүктелмеген;

- критерийлер бойынша бағалау жүргізу үшін тиісті материалдарды ұсынбау және т.б.

- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;

- тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы.

 

Жоспардан тыс тексеру

Жоспардан тыс 38 тексерудің 17-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 21-і мемлекеттік органдардан келген (ҰҚК-16, прокуратура-2, полиция департаменті-1, қаржы полициясы-1, ҚР Оқу ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті-1) хаттар негізінде жүргізілген.

Нәтижесінде 36 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды (мектеп–28 (9 мемл., 19 жекеменшік), 8 жекеменшік балабақша). Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 13 мектеп лицензиясының қолданылуы 1-6 ай мерзімге уақытша тоқтатылып, барлығына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 8 лауазымды тұлғаға, 28 заңды тұлғаға, жалпы 895 АЕК (3 519 140 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және

әкімшілік істерді жүргізу

2025 жылы е-otinish порталы арқылы 459 арыз-шағым (жеке тұлға-450, заңды тұлға-9) тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 110 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 345 жеке тұлғадан өтінішке жауап берілді. Бүгінгі таңда жеке тұлғаның 4 арыз-шағым қаралуда.

Жауап берілген 345 арыз-шағымның өз өтініші негізінде кері қайтарылып, қараусыз қалдырылған - 61, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер жоқ - 46, жоспардан тыс тексеру жүргізілген - 35, арыз иесіне түсіндіріліп, жазбаша мәтінде жауап берілгені - 203.

Департамент тарапынан 117 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер жүргізілді (лауазымды тұлға- 13, заңды тұлға- 33, жеке тұлға- 71). Оның ішінде:

Лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты 46 әкімшілік іс бойынша                                      11 балабақша (1 мемл., 10 жекем.), 33 мектеп (14 мемл., 19 жекем.), 1 жекеменшік колледж, 1 "Кәусар" корпорациялық қорының Шымкенттегі филиалы. 

Жеке тұлғаларға қатысты 71 әкімшілік іс (ескерту-41, айыппұл – 30) ата-аналарға салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін - 68, сабаққа қатыспағаны үшін – 3).

2 әкімшілік іс сотқа жолданды.

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша жалпы 16 білім беру ұйымдарының (15 мектеп, 1 колледж). лицензиясының қолданылуы 1-6 ай мерзімдерге тоқтатылып, барлық білім беру ұйымдарына анықталғанбұзушылықтардыжоютуралынұсқамаберілді.

115 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 13 лауазымды тұлғаға, 31 заңды тұлғаға, 71 жеке тұлғаға, жалпы 865 АЕК (3 401 180 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

 

Білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру

Біліктілік талаптарға сәйкестігі бойынша тексеру 5 мектепте (3 мемл.,                               2 жекем), 1 жекеменшік колледжде жүргізілді.

Нәтижесінде барлық 6 білім беру ұйымына анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заңды тұлғаларға 45 айлық есептік көрсеткіштен айыппұл салынды, 3 білім беру ұйымының лицензиясының қолданысы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, №126 Айнатас негізгі орта мектебіне 1 жыл мерзімге нұсқама берілді.

 

Профилактикалық бақылау

Білім беру ұйымдарында бару арқылы профилактикалық бақылау                                  14 жекеменшік білім беру ұйымында (13 балабақша, 1 мектеп) жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарының орындалмағаны, электрондық журналдың толық толтырылмағаны, педагогтердің біліктілігін арттыру курстан уақытылы өтпегені, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің және т.б. талаптарының бұзылғаны анықталды. Барлық 14 білім беру ұйымына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

2025 жылы білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау бойынша                   504 өтініш тіркеліп, оның 436 өтініші (86%) қанағаттандырылған, 68 өтініштен  (14%) бас тартылған, 4 мектеп өз еркімен лицензиясын тоқтатқан ("Intellekt" жалпы орта мектебі" ЖШС, "ТМ and art education school" ЖШС, "Таным мектебі" ЖШС, "Daraboz bala mektebi" ЖШС).

Білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 548 өтініш тіркелген, оның ішінде  «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 32 өтініштен баж салығының төленбеуіне байланысты бас тартылса, 516 құжатқа апостиль қойылды (кәсіптік-техникалық білім туралы – 30; мектептер - 486 (негізгі орта білім туралы-88, жалпы орта білім туралы – 305, табель-71, басқа-22)).

 

ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ

Департамент есепті кезеңде келесі бағыттар бойынша мониторинг жүргізілді:

  • «Мақсатты мектептер» жобасының іске асырылуы бойынша (20-30 қаңтар);

2) ваучерлік қаржыландыру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске асыруға қатысты (11-24 ақпан);

3) қаладағы кешенді жаңартумен қамтылатын мектептердің материалдық-техникалық базасына талдау жүргізу (12-13 ақпан);

4) ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға, олардың жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, оқуына жағдай жасалуы бойынша (19-30 мамыр);

5) оқушылардың оқулықпен қамтылуы (2-5 қыркүйек);

6) оқушылардың тасымалдауын ұйымдастыру жағдайы (16-19 қыркүйек);

7) жекеменшік мектептердің білім беру қызметімен айналысу үшін лицензиялары және (немесе) лицензия қосымшаларына зерделеу (14-15 қараша);

8) жекеменшік мектептер бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету (20-28 қараша);

9) қаладағы 80 мектепте (60 мемл., 20 жекеменшік) бес тақырып бойынша («Жыл сайынғы шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектепті жаңғырту» жобасының іске асырылуы, мектепішілік бақылау (ВШК), ішкі санитарлық тораптар, мектептердегі педагогикалық әдеп кеңестерінің қызметі, балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру сапасы) мониторинг (наурыз, маусым және қыркүйек, қараша).

Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды.

 

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ

Департамент тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Dokso-Shymkent Departamenti», «Dokso Shymkent» және «Instagarm» әлеуметтік желісінде «Doksoshymkent» атауымен парақшалар ашылған. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы ең өзекті ақпараттар және Департаментттің атқарған жұмыстары бойынша мәліметтер, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары уақытылы екі тілде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарындағы сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары брифинг, семинар-кеңес, БАҚ және телеарналарда сұқбат арқылы жүргізілді.

Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту) өткізілді.

Дата публикации
19 января 2026