«Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті»
мемлекеттік мекемесінің 2026 жылға арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Күтілетін нәтижелер |
|
1.Қызметті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар |
|||||
|
1.1 |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу департаментінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту |
қаңтар |
жоспар |
Басшы |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Департаменттің жұмысын жоспарлау |
|
1.2 |
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін айқындау |
мамыр, қараша |
ақпарат |
Л. Битемір бөлім қызметкерлері |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.3 |
Мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін айқындау |
10 қарашаға дейін |
ақпарат |
Л. Битемір бөлім қызметкерлері |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.4 |
Мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру үшін тартылатын сыртқы сарапшылардың деректер базасын жаңарту |
жылына 2 рет |
бұйрық |
Л. Битемір бөлім қызметкерлері |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.5 |
Мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру үшін тартылатын сыртқы сарапшылармен семинар-практикумдар өткізу |
жыл ішінде |
семинар-практикум |
Л. Битемір бөлім қызметкерлері |
Мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру үшін тартылатын сарапшылардың біліктілік деңгейін арттыру |
|
1.6 |
Білім беру ұйымдарына консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, семинарлар, тренингтер және басқа да түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
жыл ішінде |
семинар-практикум, тренингтер |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету |
|
1.7 |
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына профилактикалық бақылау жүргізу |
кестеге сәйкес |
тексеру нәтижелері туралы акт |
Л. Битемір бөлім қызметкерлері |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.8 |
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу |
бекітілген кестеге сәйкес |
қорытындылар, бұйрық |
Л. Битемір бөлім қызметкерлері |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.9 |
Нұсқамалардың орындалуы бойынша және жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу |
жыл ішінде, белгіленген мерзімдерге сәйкес |
тексеру нәтижелері туралы актілер |
Л. Битемір М. Абдираимова департамент қызметкерлері |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.10 |
Бақылаудың басқа түрлерін жүргізу (лицензия алдындағы бақылау, қадағалау органдарының тапсырмаларын орындау және т.б.) |
жыл ішінде |
тексеру нәтижелері туралы анықтама |
Л. Битемір М. Абдираимова департамент қызметкерлері |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.11 |
Жоспарлы, жоспардан тыс тексерулер бойынша базалардың толтырылуын бақылау субъектілер мен тексеру объектілерінің бірыңғай тізілімі (БСОБТ) |
тұрақты |
ақпарат |
Басшы |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.12 |
Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы мәліметтер базасының жүргізілуін бақылау (Web-ӘҚ) |
тұрақты |
әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу |
Басшы |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.13 |
Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуге қатысу |
өткізу кестесіне сәйкес |
талдамалы анықтама |
Л. Битемір М. Абдираимова департамент қызметкерлері |
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүзеге асыру функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
1.14 |
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізу (құрылыс, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жарақтандыру) |
тамыз |
мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Жағдайды бағалау, проблемаларды анықтау және негізгі міндеттерді іске асыру перспективаларын анықтау |
|
1.15 |
Оқулықтармен қамтамыз ету, кітапхана жағдайына мониторинг жүргізу |
тамыз |
ақпарат |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Жағдайды бағалау, проблемаларды анықтау, шешу жолдары, ЖАО хат |
|
1.16 |
Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында балалардың білім алу, тамақтандыруды, тасымалдауды, демалысты, сауықтыруды және бос уақытты ұйымдастыру құқықтарын қамтамасыз етудің және арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін халықты әлеуметтік қорғаудың мониторингін жүргізу және оның нәтижелерін балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға жолдау |
жылына бір рет |
мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Мониторинг субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауын талдау, проблемаларды анықтау және негізгі міндеттерді іске асыру перспективаларын айқындау |
|
1.17 |
Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында балалардың құқықтарын қамтамасыз етудің және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін халықты әлеуметтік қорғаудың мониторингін жүргізу |
тоқсанына бір рет |
мониторинг |
Басшы мониторингтік топ |
Мониторинг субъектілерінің заңнама талаптарын сақтауын талдау, проблемаларды анықтау және негізгі міндеттерді іске асыру перспективаларын айқындау |
|
1.18 |
Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілімен өзара әрекетті ұйымдастыру |
тұрақты |
ақпарат |
Басшы |
Баланың құқықтарын қорғау бойынша өзара әрекетті жүзеге асыру |
|
1.19 |
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысу |
жыл ішінде |
ҚР ОАМ БҚҚК ақпарат |
Басшы |
Әр баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында |
|
1.20 |
Баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіндегі жүйелі бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтау |
жыл ішінде |
ақпарат |
Басшы |
Баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктер мен бұзушылықтар туралы ақпаратты уақытылы анықтау және ұсыну
|
|
1.21 |
Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер, оның ішінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау
|
жыл ішінде |
ұсыныс |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Департаменттің функцияларын орындауды қамтамасыз ету |
|
1.22 |
Ішкі мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат дайындау
|
маусым, қыркүйек |
ақпарат |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
1.23 |
Департаменттің қызметі туралы есепті дайындау |
тоқсан сайын |
Комитетке есеп беру |
Басшы |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
1.24 |
Департаменттің ресми сайтында есептік ақпаратты орналастыру |
тоқсан сайын |
ақпарат |
М. Абдираимова Л. Битемір
|
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.Департамент басшысының аппараттық кеңесінде қаралатын мәселелер |
|||||
|
2.1 |
2025 жылдың қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді және 2026 жылға арналған негізгі міндеттерді іске асыру туралы |
қаңтар |
ақпарат |
Басшы |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.2 |
Департаменттің жұмыс жоспарының орындалу барысы туралы |
ай сайын, әр дүйсенбі сайын |
бөлім басшыларының есептік ақпараты |
Басшы |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.3 |
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу барысы (қорытындылары туралы) туралы
Мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар туралы |
тоқсан сайын |
есептік ақпарат |
Л. Битемір М. Абдираимова
|
Департаменттің мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу жөніндегі функцияларын орындауын қамтамасыз ету |
|
2.4 |
Мониторингтік іс-шаралардың қорытындылары туралы |
белгіленген мерзімде |
талдамалы анықтама |
Л. Битемір М. Абдираимова |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.5 |
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, рухани білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру», «Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы |
тоқсан сайын |
есептік ақпарат |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.6 |
Кадр саясаты туралы |
тоқсан сайын |
есептік ақпарат |
М. Абдираимова С.Сыздықбекова |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.7 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жұмыс жоспарын орындау барысы туралы |
белгіленген мерзімде |
есептік ақпарат |
М. Абдираимова С.Сыздықбекова |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.8 |
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі департамент жұмысының барысы туралы |
тоқсан сайын |
есептік ақпарат |
Л. Битемір Б. Умарова |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.9 |
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындылары туралы |
тоқсан сайын |
есептік ақпарат |
М. Абдираимова Л. Битемір |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.10 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері туралы |
желтоқсан |
анықтама |
М. Абдираимова С.Сыздықбекова |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
2.11 |
Департаменттің қызметін қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген бюджеттің атқарылуы және қаржы қаражатының жұмсалуы туралы |
тоқсан сайын |
есептік ақпарат |
М. Абдираимова С.Сыздықбекова |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар |
|||||
|
3.1 |
Мемлекеттік қызметтерді тікелей ұсынатын қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу |
жыл ішінде |
ақпарат |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.2 |
Сайтта мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпаратты орналастыру және өзектендіру |
жыл ішінде |
ақпарат |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.3 |
Қоғам арасында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
жыл ішінде |
ақпарат |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізу |
тоқсан сайын |
ақпарат |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Жүйелі проблемаларды анықтау және арттыру бойынша шаралар әзірлеу |
|
3.5 |
«Е-лицензиялау» порталы арқылы, ХҚКО ИАЖ АЖО арқылы келіп түскен өтінімдерді уақытылы өңдеуді қамтамасыз ету |
ай сайын |
есеп |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.6 |
Білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі Кеңестің отырыстарын өткізу |
өтініш түсуіне қарай |
хаттама |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.7 |
Білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру туралы өтініштерді қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру |
белгіленген мерзімде |
комиссия қорытындысы, бұйрық |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.8 |
Өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылауды жүзеге асыру |
белгіленген мерзімде |
комиссия қорытындысы, бұйрық |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.9 |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру |
өтініш түсуіне қарай |
хабарлама |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.10 |
Білім туралы құжаттарға апостиль қоюды жүзеге асыру |
белгіленген мерзімде |
апостиль қою/бас тарту |
М. Абдираимова С.Сыздықбекова
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
3.11 |
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша есепті дайындау |
белгіленген мерзімде |
есеп |
М. Абдираимова бөлім қызметкерлері
|
Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі функциясының орындауын қамтамасыз ету |
|
4. Ақпараттық-талдамалы жұмыс |
|||||
|
4.1 |
Департаменттің қызметіне кіретін мәселелер бойынша материалдарды өңдеу және талдау |
белгіленген мерзімде |
ақпарат |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
4.2 |
«Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңдардың және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
жыл ішінде |
ақпарат |
Басшы Департамент қызметкерлері |
«Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңдардың және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден туындайтын нормалар туралы қоғамды хабардар ету |
|
4.3 |
Департаменттің қызметі туралы, оның ішінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
жыл ішінде |
кездесу |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Департамент қызметінің нәтижелері туралы қоғамды хабардар етуді қамтамасыз ету |
|
4.4 |
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы хабардар ету |
тоқсан сайын |
сайтқа ақпарат |
М. Абдираимова
|
Департаментпен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижелері туралы қоғамды хабардар етуді қамтамасыз ету |
|
4.5 |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
желтоқсан |
талдамалы анықтама |
Басшы М. Абдираимова |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту |
|
4.6 |
Қызметтің мониторингтік және өзге де іс-шаралардың нәтижелері бойынша талдамалы есепті (ақпаратты) дайындау |
жарты жылдықта 1 рет |
сайтқа ақпарат |
Л.Битемір М. Абдираимова
|
Қызмет нәтижелері туралы қоғамды хабардар етуді қамтамасыз ету |
|
5. Кадрлық әлеуетті арттыру |
|||||
|
5.1 |
Мемлекеттік қызмет өтілін және қызметкерлердің жалпы еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия құрамын бекіту |
қаңтар |
бұйрық, хаттама |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Заң талаптарына сәйкес қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз ету |
|
5.2 |
Тәртіптік және конкурстық комиссия құру туралы бұйрықтар дайындау |
қаңтар |
бұйрық |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департамент функциясының орындалуын қамтамасыз ету |
|
5.3 |
Бос лауазымдарға үміткерлермен жұмысты ұйымдастыру |
жыл ішінде |
конкурстық комиссия шешімі |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департаменттің кадрлық әлеуетін қалыптастыру |
|
5.4 |
Мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлік және тағылымдамадан өту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру |
жыл ішінде |
кесте ақпарат |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департаменттің кадрлық әлеуетін қалыптастыру |
|
5.5 |
Шымкент қаласының МҚАД-на, ҚР ОАМ білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне кадрлар бойынша есептерді ұсыну |
тоқсан сайын |
есеп |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Есептерді уақытылы тапсыру |
|
5.6 |
2025 жылы Департамент қызметкерлеріне демалыс беру кестесін жасау |
қаңтар |
демалыс кестесі |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Қызметкерлердің уақытылы демалысын қамтамасыз ету |
|
5.7 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өту бойынша жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру |
қаңтар |
жоспар |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Курстарды уақытылы аяқтауды қамтамасыз ету |
|
5.8 |
Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес бағалау критерийлері бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды жүргізу |
қаңтар |
бағалау |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департамент қызметкерлерінің жұмыс нәтижелерін қалыптастыру |
|
5.9 |
«Е-қызмет» жүйесінде персоналды есепке алуды басқару |
тұрақты |
бұйрықтар, өтініштер, қызметтік жазбалар |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Кадрлық іс жүргізуді уақытылы және дұрыс толтыру |
|
5.10 |
Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің кірістері туралы декларацияны уақытылы тапсыруын бақылау |
шілде-қыркүйек |
декларация |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Декларацияны уақытылы тапсыру және сенімділігі |
|
5.11 |
Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілінің жүйелі жұмысын жүргізу |
тұрақты |
бағдарлама, ақпарат |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Мемлекеттік қызметтегі заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету |
|
6. Қызметкерлердің құқықтық сауатын арттыру (құқықтық жалпы оқу) |
|||||
|
6.1 |
Жаңадан келген қызметкерлермен мемлекеттік бақылау мен мемлкетттік қызмет көрсету шараларына материалдар дайындау бойынша оқыту семинарын өткізу |
жыл бойы |
хаттама (құжаттар үлгілері) |
Л.Битемір М. Абдираимова
|
Басқарма қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру |
|
6.2 |
Білім беру саласындағы НҚА енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша қызметкерлермен оқыту семинарын өткізу, оның ішінде тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде және білім беру жүйесін тексеруге, аттестацияға, оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға және т.б. |
жыл бойы |
ақпарат |
Басшы Департамент қызметкерлері |
Басқарманың функцияларын орындауды құқықтық қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру |
|
7. Мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, басқа да ұйымдармен өзара әрекет ету |
|||||
|
7.1 |
Шымкент қаласының білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің төрағаларымен кездесулер, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу |
ақпан |
ақпарат |
Басшы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері |
Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің төрағаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету |
|
7.2 |
Шымкент қаласы білім басқармасының алқа мәжілістеріне,мәслихат сессияларына, Қоғамдық кеңес отырыстарына қатысу және т.б. |
белгіленген мерзімде |
іс-шаралардың желілік кестесі |
Басшы |
ЖАО-мен, өкілді органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, кері байланыс орнату |
|
7.3 |
Білім беру ұйымының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестерінің жұмысын үйлестіру |
жыл бойы |
ақпарат |
Басшы Б. Умарова |
Кеңестер жұмысының тиімділігін үйлестіру және арттыру, қоғамдағы педагог мәртебесін көтеру мен нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру |
|
7.4 |
Педагогикалық әдепті сақтау және педагог құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысын ұйымдастыру және өткізу |
қажеттілігіне қарай (тоқсанына бір реттен кем емес) |
хаттама, ақпарат |
Басшы |
«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының және педагогикалық әдеп қағидаларының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету; педагогикалық әдепті бұзуды болдырмау және алдын алу үшін ұсыныстарды әзірлеу, қоғамдағы педагогтердің мәртебесін арттыруға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру |
|
7.5 |
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік қызметшілердің әдебін сақтау, кадр саясаты және мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенттерін сақтау мәселелері бойынша бірлескен семинарды ұйымдастыру және өткізу |
маусым, желтоқсан |
тәжірибелік қолдану |
Басшы МҚАД (келісім бойынша) |
Департамент функцияларын орындауды құқықтық қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру |
|
7.6 |
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қорлаудың, балалардың қадағалаусыздығы мен панасыз қалуының, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің және балалар ортасындағы басқа да келеңсіз құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шараларға қатысу |
жыл бойы |
ақпарат |
Басшы ББ (келісім бойынша) |
Білім беру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету |
|
7.7 |
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына қатысу |
тоқсан сайын |
ұсынымдар |
Басшы |
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету |
|
7.8 |
Әкімдіктің, білім басқармасының және басқа да ұйымдардың білім беру жүйесі және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша іс-шараларына қатысу |
жыл бойы |
баяндама жасау |
Басшы |
Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, кері байланыс орнату |
|
7.9 |
Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағаларымен және Шымкент қаласының педагогикалық қоғамдастығымен педагогикалық әдеп және білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырыстарын ұйымдастыру
|
жыл бойы |
баяндама жасау |
Басшы, Кеңес мүшелері (келісім бойынша) |
Педагогикалық қоғамдастықпен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, кері байланыс орнату |
|
8. БАҚ-пен жұмыс |
|||||
|
8.1 |
Департаменттің 2026 жылға арналған медиа-жоспарын бекіту |
қаңтар |
медиа жоспар |
Басшы М. Абдираимова Л. Битемір
|
Департаменттің жұмысын жоспарлау |
|
8.2 |
БАҚ-та Департамент жұмысын жариялау, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің парақшаларында пост-релиздерді жариялау |
жыл бойы |
сұхбат, мақалалар және т.б. |
Басшы М. Абдираимова Л. Битемір
|
Департамент қызметінің нәтижелері туралы халықты хабардар ету, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысу |
|
8.3 |
Брифингтерге қатысу |
жыл бойы |
ақпарат |
Басшы бөлім басшылары |
Білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуы туралы халықты ақпараттандыру |
|
9. Қаржылық қамтамасыз ету |
|||||
|
9.1 |
2026 жылға арналған жылдық қаржылық есепті тапсыру |
қаңтар |
есеп |
Басшы М. Абдираимова |
Бюджеттік қаражаттарды игеру, жеке жоспарды орындау |
|
9.2 |
Болашақ қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау негізінде Департаменттің жеке қаржыландыру жоспарын жүзеге асыру және түзету
|
қаңтар |
қаржыландыру жоспары |
Басшы М. Абдираимова |
Департаменттің материалдық-техникалық, жалпы шаруашылық қамтамасыз ету тиімділігін арттыру |
|
9.3 |
Департаменттің 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасау |
қаңтар |
мем.сатып алудың жылдық жоспары |
Басшы М. Абдираимова |
Департамент қызметін қамтамасыз ету |
|
9.4 |
Штаттық кесте бойынша департамент қызметкерлерінің еңбекақысын есептеу |
белгіленген мерзімде |
қаржыландыру жоспары |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департаменттің қаржылық қызметін қамтамасыз ету |
|
9.5 |
Салық, статистикалық есеп және қаржылық есептілікті жасау және ұсыну |
белгіленген мерзімде |
ҚР Қаржы министрлігіне, мем.мүлік, статистика, мем.кірістер департамент- теріне есеп |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департамент есептерін уақытылы тапсыру |
|
9.6 |
Департаменттің 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына түзетулер енгізу (қажет болған жағдайда) |
жыл бойы |
Жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізу |
Басшы М. Абдираимова |
Бюджеттік қаражатты уақытылы игеруді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету |
|
9.7 |
Мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есептерді уақытылы ұсынуды қамтамасыз ету |
белгіленген мерзімде |
есептер |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Бюджеттік қаражатты уақытылы игеруді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету |
|
9.8 |
Бекітілген бюджет шегінде бюджеттік бөлуді ауыстыру арқылы қаржыландыру жоспарына өзгерістердің уақытылы енгізілуін қамтамасыз ету |
белгіленген мерзімде |
есептер мен негіздемесі бар өтінім |
Басшы М. Абдираимова
|
Бюджеттік қаражатты уақытылы игеруді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету |
|
9.9 |
Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу |
белгіленген мерзімде |
тізімдеме немесе түгендеу актілері |
Басшы |
Активтердің нақты болуын анықтау |
|
10. Іс қағаздары |
|||||
|
10.1 |
Іс номенклатурасы бойынша жұмысты ұйымдастыру, кіріс және шығыс хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және орындалуын бақылау |
жыл бойы |
есеп |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департаментті құжаттамалық қамтамасыз ету |
|
10.2 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелерін талдау |
жыл бойы |
аналитикалық ақпарат |
Бөлім басшылары Департамент қызметкерлері |
Жүйелік проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу |
|
10.3 |
Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың журналдарын жүргізу |
жыл бойы |
есепке алу журналы |
Л. Битемір А. Абдраманов |
Департаментті құжаттамалық қамтамасыз ету |
|
10.4 |
Істерді мұрағатқа беру |
белгіленген мерзімде |
есеп |
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департаментті құжаттамалық қамтамасыз ету |
|
10.5 |
Департаменттің істер номенклатурасын келісу және бекіту |
10 желтоқсанға дейін |
|
М. Абдираимова С. Сыздықбекова
|
Департаменттің құжаттық қорының құрылымын бекіту |
Ескерту: Қажет болған жағдайда осы жоспарға тиісті түзетулер енгізілуі мүмкін.
«Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті»
мемлекеттік мекемесінің
жұмыс тәртібі
|
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма
|
|
Департамент басшысымен апталық жұмысты жоспарлау бойынша аппараттық жиын (апта сайын) |
|
Департамент басшысының жеке сұрақтар бойынша қабылдауы |
Департамент басшысында жиналыс |
Департамент басшысының аптадағы тапсырмалар мен жұмыс жоспарларының орындалуы бойынша аппараттық жиналысы |
|
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу (кестеге сәйкес) |
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу (кестеге сәйкес) |
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу (кестеге сәйкес) |
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу (кестеге сәйкес) |
Педагогикалық әдепті сақтау және педагогтың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ККК отырысы (тоқсанына кем дегенде бір рет) |
|
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және педагогикалық әдеп мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау |
Департамент қызметкерлері үшін жалпыға бірдей құқықтық оқыту (айдың соңғы сейсенбісі) |
Бақылау күні |
Бақылау күні |
Білім беру ұйымдарының басшыларымен селекторлық кеңестер (қажет болған жағдайда) |
|
ҚР ОАМ БССҚК аппараттық кеңесіне қатысу (апта сайын) |
|
ҚР Оқу-ағарту министрлігі аппараттық кеңесіне қатысу (апта сайын) |
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және педагогикалық әдеп мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау |
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және педагогикалық әдеп мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау |
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ САЛАСЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ
2025 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ
МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
2026-2026 оқу жылында Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарының желісі 945 құрады, оның ішінде 646 мектепке дейінгі (мемлекеттік-71, жекеменшік-575), 301 жалпы орта (мемлекеттік 164, жекеменшік 137), 39 техникалық және кәсіптік білім беру (мемлекеттік-12, жекеменшік-27) қызметін жүзеге асырады.
2025 жылы Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мемлекеттік бақылау барысында төмендегі жұмыс түрлері жүргізілді.
Мемлекеттік аттестаттау
2025 жылы мемлекеттік аттестаттау 158 білім беру ұйымында 93 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – балабақша) (33 мемл., 60 жекем.), 65 бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында (бұдан әрі-мектеп) (44 мемл., 21 жекем.) жоспарланған болатын, алайда 6 мектепте, оның ішінде 3 кешкі мектептің қайта құрылуына және 3 жекеменшік мектептің («ASKAR» зияткерлік мектебі, «TM and art educational school», «Таным мектебі») жабылуына байланысты мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілмеді.
Жалпы 2025 жылы мемлекеттік аттестаттау 152 білім беру ұйымында 93 балабақша (33 мемл., 60 жекем.), 59 мектеп (41 мемл., 18 жекем.) өткізілді.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша 40 білім беру ұйымы (30 мемл., 10 жекем.) (26,3%) бірінші реттен аттестатталды. Оның 23-і балабақша (16 мемл., 7 жекем.) (24,7%), 17-і мектеп (14 мемл., 3 жекем.) (28,8%).
Қалған 112 білім беру ұйымында (44 мемл., 68 жекем.) (73,8%) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша бұзушылықтар анықталған. Оның 70-ы балабақша (17 мемл., 53 жекем.) (75,3%) және 42-і мектеп (27 мемл., 15 жекем.) (71,2%).
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша бірінші рет аттестаттаудан өтпеген 70 балабақшаның 66-ы (17 мемл., 49 жекем.) және 42 мектептің 15-і (11 мемл., 4 жекем.) қайта аттестатаудан өтті, 4 жекеменшік балабақша («Айсат», «Олжас би», «Данияр», «Аяла-Нұр») екінші реттен бұзушылықтар жойылмағандықтан, қайта аттестатталмады.
Қалған 27 мектепте (16 мемл., 11 жекем.) 2026 жылдың қаңтар-мамыр айлары арасында жоспарлы мемлекеттік қайта аттестаттау шаралары жүргізіледі.
Анықталған бұзушылықтар:
- жұмыс оқу жоспарлары үлгілік оқу жоспарларына және жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес келмейді;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтау критерийлері бұзылған;
- бағыттар бойынша тәрбие жұмысы көрсетілмеген, сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру процесінде сәйкессіздіктер анықталды. Мектепте атқарылған тәрбие жұмысы туралы, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру бойынша мәліметтер сайтқа жүктелмеген;
- критерийлер бойынша бағалау жүргізу үшін тиісті материалдарды ұсынбау және т.б.
- мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің (егде жастағы тәрбиеленушілердің) жеке даму жоспарларының (карталарының) болмауы;
- тәрбиеленушілердің даму мониторингінің болмауы.
Жоспардан тыс тексеру
2025 жылы 38 жоспардан тыс тексерудің 17-і жеке тұлғалардан (арыз-шағымдар бойынша), 21-і мемлекеттік органдардан келген (ҰҚК-16, прокуратура-2, полиция департаменті-1, қаржы полициясы-1, ҚР Оқу ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті-1) хаттар негізінде жүргізілген.
Нәтижесінде 36 білім беру ұйымында құқық бұзушылық анықталды (мектеп–28 (9 мемл., 19 жекеменшік), 8 жекеменшік балабақша). Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 13 мектеп лицензиясының қолданылуы 1-6 ай мерзімге уақытша тоқтатылды. Оның 4 мемлекеттік (№№143, 144, 102, Дарын-3), 9 жекеменшік (QAZBILIM SHYMKENT ұлттық лицейі, Samal Primary School, ALEM МЕКТЕБІ, «Н.Б. Еминова атындағы мектеп» ЖШС, Global Education mektebi, 125 SHYMKENT MEKTEBI, GLOBUS mektebi, ASAR SCHOOL, FGS мектебі). Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 8 лауазымды тұлғаға, 28 заңды тұлғаға, жалпы 895 АЕК (3 519 140 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және
әкімшілік істерді жүргізу
2025 жылы е-otinish порталы арқылы 459 арыз-шағым (жеке тұлға-450, заңды тұлға-9) тіркелді. Департаменттің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша 110 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 345 жеке тұлғадан өтінішке жауап берілді. Бүгінгі таңда жеке тұлғаның 4 арыз-шағым қаралуда.
Жауап берілген 345 арыз-шағымның өз өтініші негізінде кері қайтарылып, қараусыз қалдырылған - 61, сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер жоқ - 46, жоспардан тыс тексеру жүргізілген - 35, арыз иесіне түсіндіріліп, жазбаша мәтінде жауап берілгені - 203.
Департамент тарапынан 117 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік істер жүргізілді (лауазымды тұлға- 13, заңды тұлға- 33, жеке тұлға- 71). Оның ішінде:
Лауазымды және заңды тұлғаларға қатысты 46 әкімшілік іс бойынша 11 балабақша (1 мемл., 10 жекем.), 33 мектеп (14 мемл., 19 жекем.), 1 жекеменшік колледж, 1 "Кәусар" корпорациялық қорының Шымкенттегі филиалы.
Жеке тұлғаларға қатысты 71 әкімшілік іс (ескерту-41, айыппұл – 30) ата-аналарға салынған (оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтамағаны үшін - 68, сабаққа қатыспағаны үшін – 3).
2 әкімшілік іс сотқа жолданды.
Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша жалпы 16 білім беру ұйымдарының лицензиясының қолданылуы 1-6 ай мерзімдерге тоқтатылып, барлық білім беру ұйымдарына анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оның ішінде 15 мектеп (QAZBILIM SHYMKENT ұлттық лицейі, Samal Primary School, ALEM МЕКТЕБІ, 125 SHYMKENT MEKTEBI, Global Education mektebi, GLOBUS mektebi, ASAR SCHOOL, Еминова Н.Б атындағы мектеп, №143, 144, «Zangar Bilim», Tengri international school, №102, М.Тасова атындағы мамандандырылған №3 мектеп-интернаты, FGS-Болашақ ұрпақ жекеменшік мектебі) және 1 колледж (Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі).
115 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 13 лауазымды тұлғаға, 31 заңды тұлғаға, 71 жеке тұлғаға, жалпы 865 АЕК (3 401 180 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Білім беру ұйымдарының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру
Біліктілік талаптарға сәйкестігі бойынша тексеру 5 мектепте (3 мемл., 2 жекем), 1 жекеменшік колледжде жүргізілді.
Тексеру барысында анықталған кемшіліктер: оқу жоспары үлгілік оқу жоспарына, мемлекеттік стандартқа сәйкес емес (№126, Қосалқы мектеп-интернаты, Tengri international school, Zangar bilim); педагогтердің сапалық құрамының пайызы төмен, педагогтар 3 жылда бір рет біліктілігін арттырмаған (№2, 126, Tengri international school, Zangar bilim, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі); білім алушылар оқулықтармен толық қамтамасыз етілмеген (Қосалқы мектеп-интернаты, Tengri international school, Zangar bilim, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі); білім алушыларға арналған тамақтану объектісі жоқ (Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі), спорт залы жоқ (Tengri international school, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі). Сонымен қатар «№126 Айнатас негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу ғимараты негізгі орта білім беру деңгейі бойынша оқытуға талаптарға сай келмейді (бастауыш білім алушылардың жеке пайдалану үшін жабдықталған шкаф саны жеткіліксіз, пәндік кабинеттері, оның ішінде физика, химия, биология пәндері бойынша кабинеттері жоқ).
Тексеру нәтижесінде барлық 6 білім беру ұйымына анықталған кемшіліктер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, заңды тұлғаларға 45 айлық есептік көрсеткіштен айыппұл салынды, 3 білім беру ұйымының (Tengri international school, Zangar bilim мектебі, Аймақаралық гуманитарлық-техникалық колледжі) лицензиясының қолданысы 1 ай мерзімге уақытша тоқтатылды, №126 Айнатас негізгі орта мектебіне 1 жыл мерзімге нұсқама берілді.
Профилактикалық бақылау
Білім беру ұйымдарында бару арқылы профилактикалық бақылау 14 жекеменшік білім беру ұйымында (13 балабақша, 1 мектеп) жүргізіліп, нәтижесінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарының орындалмағаны, электрондық журналдың толық толтырылмағаны, педагогтердің біліктілігін арттыру курстан уақытылы өтпегені, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің және т.б. талаптарының бұзылғаны анықталды. Барлық 14 білім беру ұйымына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Білім беру қызметіне лицензия беру
2025 жылы білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау бойынша 504 өтініш тіркеліп, оның 436 өтініші (86%) қанағаттандырылған, 68 өтініштен (14%) бас тартылған, 4 мектеп өз еркімен лицензиясын тоқтатқан ("Intellekt" жалпы орта мектебі" ЖШС, "ТМ and art education school" ЖШС, "Таным мектебі" ЖШС, "Daraboz bala mektebi" ЖШС).
Өтініштердің бас тартылу себептері: ұсынылған құжаттардың толық болмауы, Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі №338 бұйрық талаптарына сәйкес келмеуі, №216 бұйрықпен бекітілген оқулықтар тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиеттің кітапханалық қорының болмауы, спорт залының және/ немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта болмауы, edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болмауы, ауыз су бұрқақтарының болмауы, педагогтердің тиісті бейіні бойынша 3 жылда кемінде 1 рет біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттарының болмауы, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әрбір объектіге (оқу корпусына) өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікке объектіге барумен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы актінің көшірмесінің болмауы және т.б.
Лицензия және лицензияның қосымшалары қайта рәсімделгені - 48 (колледж-13; мектеп-35) өтініш.
Ағымдағы жылы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы 91 хабарлама тіркелген, барлығы қызметті бастау туралы хабарламалар.
Білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу
Білім туралы құжаттарға апостиль қоюға 548 өтініш тіркелген, оның ішінде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы 32 өтініштен баж салығының төленбеуіне байланысты бас тартылса, 516 құжатқа апостиль қойылды (кәсіптік-техникалық білім туралы – 30; мектептер - 486 (негізгі орта білім туралы-88, жалпы орта білім туралы – 305, табель-71, басқа-22)).
ДЕПАРТАМЕНТ МАМАНДАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ
Департамент есепті кезеңде келесі бағыттар бойынша мониторинг жүргізілді:
Департамент тарапынан жүргізілген барлық мониторинг қорытындылары бойынша Шымкент қаласының әкімдігіне, білім басқармасына тиісті жұмыстарды жүргізу үшін хаттар жолданды.
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ
Департамент тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісінде «Dokso-Shymkent Departamenti», «Dokso Shymkent» және «Instagarm» әлеуметтік желісінде «Doksoshymkent» атауымен парақшалар ашылған. Әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының білім саласындағы ең өзекті ақпараттар және Департаментттің атқарған жұмыстары бойынша мәліметтер, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары уақытылы екі тілде жарияланып отырады. Білім беру ұйымдарындағы сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары брифинг, семинар-кеңес, БАҚ және телеарналарда сұқбат арқылы жүргізілді.
Қолданыстағы заңнама нормаларын ZOOM платформасы арқылы түсіндіру мақсатында білім беру ұйымдарының басшыларымен білім беру ұйымдарында аттестаттауды өткізу, профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде семинарлар (құқықтық жалпы оқыту) өткізілді.
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ
Департаменттің 2025 жылғы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары 9624,2 мың теңгені құрады. Мемлекеттік сатып алулар www.goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырған.
БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРУІ
Департаментті қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2025 жылы міндеттемелер бойынша департаменттің жылдық бюджетіне 66 218,6 мың теңге қаралған. 2024 жылға Департамент бюджет қаржысының игерілуі 100 % құрады.
2026 ЖЫЛҒА МІНДЕТТЕР:
Департамент өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру саласындағы жүзеге асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің стратегиялық функцияларын жүзеге асыруға қатысады.
Департаменттің негізгі міндеті: өз құзыреті шегінде білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
2026 жылға міндеттер:
- білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай (білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау) және бару арқылы профилактикалық бақылауды толық көлемде жүргізу жоспарын іске асыру;
- нұсқамалардың толық көлемде сақталуын қамтамасыз ету үшін жоспардан тыс тексерулер жүргізу жоспарын іске асыру;
- мемлекеттік бақылау шараларын (мемлекеттік аттестаттау, жоспардан тыс тексерулер, бару арқылы профилактикалық бақылау, біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру) сапалы түрде жүзеге асыру;
- қаладағы білім сапасын арттыру, білім беру ұйымдарының басшыларына тоқсан сайын жиналыс өткізіп, проблемалық мәселелер бойынша кеңестер өткізу;
- мемлекеттік қызметтерді уақтылы және сапалы көрсету (лицензия беру және білім туралы құжаттарға апостиль қою);
- бақылау іс-шараларын жүргізу тәртібін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізу;
- білім беру ұйымдарымен нормативтік, құқықтық және рұқсат беретін құжаттар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейту;
- Департамент қызметі туралы әлеуметтік желілерде, радио мен теледидарда жұмысты жандандыру және т.б.