БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА БАРУ АРҚЫЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА БАРУ АРҚЫЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ

2025 жылы 12 ай қорытындысымен бару арқылы профилактикалық бақылау жұмыстары 14 білім беру ұйымында жүргізіліп (13 балабақша, 1 мектеп), анықталған кемшіліктер бойынша нұсқама берілді.

Анықтама үшін:

2025 жылғы ақпан айында «Алтуша» бөбекжай бақшасы» ЖШС-нде ҚР БҒМ 16.05.2008 жылғы №272, 11.05.2020 жылғы № 190 бұйрықтарының талаптары бұзылған. Алқалы органдардың құжаттары талапқа сай рәсімделмеген, кеңес отырыстарының хаттамалары толтырылмаған, құжаттары толық жинақталмаған, әдеп жөніндегі кеңестің құрамы талапқа сай құрылмаған, кеңестің төрағасы мен хатшысы көпшілік дауыспен сайланбаған. 

«Алтын» балалардың мектепке дейінгі шағын орталығы» ЖШС-нде ҚР БҒМ                        16.05.2008 жылғы №272, 11.05.2020 жылғы № 190, ҚР ОМ 03.08.2022 жылғы № 348, 31.08.2022 жылғы №385 бұйрықтарының талаптары бұзылған. Алқалы органдардың құжаттары талапқа сай рәсімделмеген, жас топтарын жинақтау кезінде жас кезеңділігі мен жас ерекшелігі бірінші қағидат бойынша сақталмаған.

«Балбөбек-Димаш» балабақшасы» ЖШС-нде ҚР БҒМ 27.12.2012 жылғы №570 бұйрығының, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 12.08.2016 жылғы №499 бұйрығының,  ҚР Білім туралы Заңының 57-1 бабы 1-тармағының, ҚР ОМ 31.08.2022 жылғы № 385 бұйрығының талаптары сақталмаған.

2025 жылғы наурыз айында «Ер-Али» мектепке дейінгі шағын орталығы» жеке мекемесінде ҚР БҒМ 16.05.2008 жылғы №272, 11.05.2020 жылғы № 190, 12.08.2016 жылғы №499, ҚР ОМ 03.08.2022 жылғы № 348, 30.07.2024 жылғы №194 бұйрықтарының талаптары бұзылған. Алқалы органдардың құжаттары талапқа сай рәсімделмеген, тәрбиешілердің 2024-2025 оқу жылының перспективалық жоспарларында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде жазылмаған, «Балдаурен» мектепалды тобы тәрбиешінің перспективалық жоспарында «дене шынықтыру», «қазақ тілі», «музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің мақсаттары көрсетілмеген.

«Рахима Бегим» бөбекжай-балабақшасы жеке мекемесінде ҚР БҒМ 16.05.2008 жылғы №272, 11.05.2020 жылғы № 190, 12.08.2016 жылғы №499, ҚР ОМ 03.08.2022 жылғы № 348, 30.07.2024 жылғы №194 бұйрықтарының талаптары бұзылған. Алқалы органдардың құжаттары талапқа сай рәсімделмеген, тәрбиешілердің 2024-2025 оқу жылының перспективалық жоспарларында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде жазылмаған, «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы», «Өнегелі 15 минут»,  «Үнемді тұтыну», «Күй күмбірі», «Қаржылық сауаттылық», «Қауіпсіздік сағаты»  оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылмаған.

«Нұр-Абзал» мектепке дейінгі шағын орталығы» жеке мекемесінде ҚР БҒМ 12.01.2022 жылғы № 6 бұйрығының, ҚР БҒМ 22.01.2016 жылғы № 70 бұйрығының талаптары сақталмаған.

2025 жылғы сәуір айында «Global Education mektebi» ЖШС-інде ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңының, ҚР БҒМ 27.01.2016 жылғы №83, 11.05.2020 жылғы № 190, 13.07.2009 жылғы №338, ҚР ОМ 24.11.2022 жылғы №473, 31.08.2022 жылғы №385 бұйрықтарының талаптары бұзылған. Мектепте 4 педагог оқытылатын пәндері бойынша үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырмаған, 2 педагог оқытылатын пәннің бейініне сәйкес білім туралы құжатта көрсетілген мамандығы бойынша біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір рет арттырмаған, 2 педагогтің диплом бойынша мамандықтары тиісті бейініне  сәйкес келмейді, 5 педагогтің 2024 -2025 оқу жылына соттылығы жоқ туралы, 8 педагогтың психиатриялық диспансерде тіркелмегені туралы, 8 педагогтің наркологиялық диспансерде тіркелмегені туралы анықтамалары болмаған, 9 жас маманға тәлімгер бекітілмеген, құжаттары болмаған, алқалы органдардың құжаттары талапқа сай рәсімделмеген.

«Ақбөбек» мектепке дейінгі шағын орталық» жеке мекемесінде «Педагог мәртебесі туралы» Заңының, ҚР БҒМ 27.12.2012 жылғы «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» (әкімшілік деректер нысандары) №570 бұйрығының, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, ҚР БҒМ-нің 12.01.2022 жылғы № 6 бұйрығының талаптары сақталмаған.

«Жан-Бөрте» бөбекжай-бақша» ЖШС-інде «Педагог мәртебесі туралы» Заңының, ҚР БҒМ 27.12.2012 жылғы «Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» (әкімшілік деректер нысандары) №570 бұйрығының, ҚР БҒМ 12.08.2016 жылғы №499 бұйрығының талаптары сақталмағаны анықталды.

«Досбол» бөбекжай-балабақшасы ЖШС-інде ҚР БҒМ 12.08.2016 жылғы №499, ҚР ОМ 03.08.2022 жылғы № 348, 30.07.2024 жылғы №194 бұйрықтарының талаптары бұзылған. Аралас (3,4 жастағы балалар) «Еркетай» тобының перспективалық және циклограммалық жоспарларында: «тіл дамыту», «дене тәрбиесі», «қоршаған әлеммен таныстыру» ұйымдастырылған іс-әрекеттері  «сөйлеуді дамыту», «денешынықтыру», «қоршаған ортамен таныстыру» болып ескі атаумен қалып кеткен.Яғни, мекеменің бекітілген ұйымдастырылған іс-әрекет кестесіндегі ұйымдастырылған іс-әрекеттер атауларына сәйкес келмейді.

Топтардағы «Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекетін тәрбиешілер жүргізеді. Мекеменің тарификациялық кестесінде музыка жетекшісі жоқ.

«Әлди» бөбекжай-балабақшасы ЖШС-нің «Аяла» филиалында ҚР БҒМ 16.05.2008 жылғы №272, 21.12.2007 жылғы № 644,  27.12.2012 жылғы №570,11.05.2020 жылғы № 190, 12.08.2016 жылғы №499, ҚР ОМ 03.08.2022 жылғы № 348, 31.08.2022 жылғы №385, 30.07.2024 жылғы №194 бұйрықтарының талаптары бұзылған.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің құрамы мен жоспары меңгерушінің бұйрығымен бекітілмеген,хаттамада әдеп кеңестің төрағасы мен хатшысы көпшілік дауыспен сайланғаны туралы жазылмаған. Педагогикалық кеңес материалдары жинақталмаған.

2025-2026 оқу жылының «Бөбек» аралас топ, Құлыншақ» аралас, «Гүлдәурен» аралас топтарының перспективалық жоспарлары «Адал азамат» біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде жазылмаған (ай сайын  өткізілетін тұрақты іс-шаралар тақырыптары, күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шаралар қамтылмаған).

Циклограмма жоспарлары жоғарыда аталған барлық аралас топтарда бір ғана жас ерекшелігі бойынша жоспарланған.

Ұлттық білім беру дерекқорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне педагогтар мен тәрбиеленушілер саны енгізілген. Тәрбиеленушілер саны – 60. «Гүлдәурен» (4,5 жастағы аралас топта )– 23 бала топтастырылған.Аталған топта 6 жастағы 3 тәрбиеленушілердің анықталуы.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің құрамы мен жоспары меңгерушінің бұйрығымен бекітілмеген,хаттамада әдеп кеңестің төрағасы мен хатшысы көпшілік дауыспен сайланғаны туралы жазылмаған. ҚР БҒМ 11.05.2020 жылғы № 190 бұйрығымен бекітілген Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының 9, 11, 12-тармақтарының талаптары орындалмаған.

«Нұрай» мектепке дейінгі шағын орталығы ЖШС-сінде ҚР БҒМ 16.05.2008 жылғы №272, 21.12.2007 жылғы № 644,  27.12.2012 жылғы №570,11.05.2020 жылғы № 190, 12.08.2016 жылғы №499, ҚР ОМ 03.08.2022 жылғы № 348

«Таза Бұлақ» бөбекжай бақшасы ЖШС-де ҚР БҒМ 16.05.2008 жылғы №272, 21.12.2007 жылғы № 644,  27.12.2012 жылғы №570,11.05.2020 жылғы № 190, 12.08.2016 жылғы №499, ҚР ОМ 03.08.2022 жылғы № 348

«Бал-бөбек» мектепке дейінгі шағын орталығы ЖШС-де ҚР БҒМ 16.05.2008 жылғы №272,  20.12.2012 жылғы№ 557, 11.05.2020 жылғы № 190, 12.08.2016 жылғы №499, ҚР ОМ 03.08.2022 жылғы № 348, 31.08.2022 жылғы №385, 30.07.2024 жылғы №194 бұйрықтарының талаптары бұзылған.

Меңгерушімен бекітілген барлық топтардың ұйымдастырылған іс-әрекет кестелерінде «тіл дамыту», «дене тәрбиесі», «қоршаған әлеммен таныстыру» ұйымдастырылған іс-әрекеттері «сөйлеуді дамыту», «дене шынықтыру», «қоршаған ортамен таныстыру» болып ескі атаумен жазылған.

Мектепке дейінгі шағын орталықтың барлық жас топтары перспективалық және циклограммалық жоспарларында 2025 - 2026 оқу жылында ҚР ОМ 30.07.2024 жылғы №194 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында «Адал азамат-біртүтас тәрбие» бағдарламасының негізінде  білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері перспективалық жоспарларында мүлде қарастырылмаған, циклограмма жоспарларында ішінара қамтылған.

Педагогикалық кеңес материалдары жинақталмаған .

Әдістемелік кеңес бұйрығы мен жоспарлары жасалмаған.

Мекеменің тарификациялық кестесінде музыка жетекшісі қарастырылмаған.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс жоспары бекітілмеген.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің құрамы мен жоспары, меңгерушінің бұйрығы жоқ.

 

 

Дата публикации
31 декабря 2025