Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған және білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларына» (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Департамент тарапынан 2026 жылғы қыркүйек айында мемлекеттік аттестаттау 23 жекеменшік балабақшада жүргізілді.
2026 жылғы қыркүйек айында Қағидалар талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін 13 балабақша белгіленген мерзімде Департаментке анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынды.
Аттестаттау комиссиясы 12 балабақшаға бару арқылы мемлекеттік бағалау жұмыстарын жүргізді.
Білім беру сапасы мен қолжетімділігіне жүргізілген кешенді бағалау нәтижелері бойынша 8 балабақшаның білім беру қызметі (Талант» бөбекжай бала-бақшасы», «Гүл Салтанат» бөбекжайы», «BABY SHARK» мектеп комплекс бөбекжай балабақшасы», «Дәулет би» бөбекжай бақшасы», «Бақытты балалық шақ» бөбекжай бақшасы», «NUR-BOLASHAK №1» бөбекжай бақшасы», «Бақтыбай» балабақшасы», «Бала Шақ» балабақшасы» ЖШС) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес болса, 4 балабақша («Gulbanu» бөбекжай бақшасы», «Бал-Айбике» ұлттық сауықтыру бөбекжай-бақшасы», «Сауран» бөбекжай балабақшасы», «АсылНұр» бөбекжай балабақшасы ЖШС) бару арқылы профилактикалық бақылауға түсті.