GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
20 октября 2026
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Павлодар облысының Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Павлодар облысының Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

💬 Кездесу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары түсіндірілді.

✅ Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптарын сақтау жөніндегі дербес жауапкершілігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.

15 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес Ертіс ауданының білім бөлімі мамандары мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған онлайн-форматтағы диалог алаңы өткізілді.

2026 жылғы 30 қыркүйекте Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес Ертіс ауданының білім бөлімі мамандары мен білім беру ұйымдарының басшыларына арналған онлайн-форматтағы диалог алаңы өткізілді.

Кездесуге қатысушылар білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларындағы өзгерістермен танысып, практикалық ұсынымдар мен өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.

Сондай-ақ Департамент мамандары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы №268 бұйрығы негізінде 2027 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Департамент басшысы Г.К. Уздембаева білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша басым бағыттарды белгілеп, басшылардың назарын білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру барысында педагогикалық әдепті сақтау қажеттілігіне аударды.

 

15 октября 2026
Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес онлайн-форматта диалог алаңы өткізілді. Оған Шарбақты ауданы білім бөлімінің қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

2026 жылғы 28 қыркүйекте Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес онлайн-форматта диалог алаңы өткізілді. Оған Шарбақты ауданы білім бөлімінің қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларындағы өзгерістермен танысып, практикалық ұсынымдар мен өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.

Сондай-ақ Департамент мамандары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы №268 бұйрығы негізінде 2027 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Департамент басшысы Г.К. Уздембаева білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша басым бағыттарды белгілеп, басшылардың назарын білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру барысында педагогикалық әдепті сақтау қажеттілігіне аударды.

02 октября 2026
Шабыттандыру, үйрету және жол көрсету — Ұстаздар күні құтты болсын!
30 сентября 2026
Департамент облыстағы екі мектепте жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Павлодар облысының Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті (әрі қарай - Департамент) облыстың екі мектебінде жоспардан тыс тексерулер жүргізді.

Оқу процесін білім беру қызметін лицензиялау нормаларын бұза отырып жүзеге асыру фактілері анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша бұзушылықты жою мерзімі көрсетілген нұсқама шығарылды.

Департамент бұл бұзушылық үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 464-бабының 1-тармағында көзделген әкімшілік іс қозғау қарастырылатынын ескертеді».

 

29 сентября 2026
Ақсу қаласы Құркөл ауылының Дөнентаев атындағы мектебінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Ақсу қаласы Құркөл ауылының Дөнентаев атындағы мектебінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасы негізінде Ақсу қаласы Құркөл ауылының Дөнентаев атындағы мектебіне жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру шеңберінде білім беру саласындағы заңнама талаптарының орындалуы тұрғысынан білім беру ұйымының құжаттары мен қызметі қаралды.

Нұсқамада көрсетілген жекелеген талаптардың толық көлемде орындалмағаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша мектепке анықталған сәйкессіздіктерді жою мерзімдері белгіленген нұсқама берілді.

Білім беру ұйымының басшысына қатысты заңнамада көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.09:15

29 сентября 2026
Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Азаматтың түскен өтінішіне байланысты Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру заты мемлекеттік білім беру ұйымында педагогтердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы болып табылды.

Бақылау шарасы барысында өтініште жазылған дәлелдер өз растауын тапты. Білім беру саласындағы заңнаманың жекелеген талаптарының сақталмау фактілері анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымына анықталған бұзушылықтар мен оларды жою мерзімдері көрсетілген нұсқама берілді.

Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылық шаралары қолданылды.

Департамент білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына және берілген нұсқамалардың орындалуына кейінгі бақылауды қамтамасыз етеді.

24 сентября 2026
Департаментте Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті


Департаментте Мектеп басшысы тарапынан педагогикалық әдеп нормалары мен еңбек заңнамасын ықтимал бұзу фактілері бойынша түскен өтінішке байланысты Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз аумақтық департаменті жанындағы облыстық педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес педагогтардың да, басшылардың да тарапынан моралдық-этикалық нормалардың бұзылуына байланысты істерді қарайды.
Отырыс барысында өтініш белгіленген тәртіппен және құзырет шеңберінде қаралды. Кеңес мүшелері Мектеп басшысының түсіндірмелерін тыңдап, ұсынылған материалды (аудио/видеожазбаларды) талдай келе, өтініште баяндалған мән-жайларды талқылады және басшының әрекеттерінде педагогикалық әдепті бұзушылықтар байқалмайды, педагог мәртебесі бұзылмаған деген қорытындыға келді.
Кеңестің жұмысы педагогикалық әдеп қағидаттарының сақталуын, өтініштердің объективті қаралуын және білім беру процесінің барлық қатысушыларының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.

24 сентября 2026
Департаментте қызметкерлердің қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

Департаментте қызметкерлердің қатысуымен аппараттық кеңес өтті.
Жұмыс кеңесі барысында Департамент ұжымы қыркүйек айындағы қызмет қорытындыларын егжей-тегжейлі талқылап, алдағы жоспарларды нақтылады және күнделікті жұмыста құқықтық нормалардың қатаң сақталуына ерекше назар аударды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – прокуратура органдарының ресми талабын қарау болды. Құжат бизнес субъектілеріне қатысты шектеуші және тыйым салу шараларының заңдылығын талдауды, сондай-ақ оларды қолдану кезінде прокурорларға міндетті түрде және уақтылы хабардар етуді қамтиды.
Талқылау барысында Департамент қызметкерлері мынадай аспектілерге баса назар аударды:
Бұзушылықтарға жол бермеу: өз қызметінде прокуратураны уақтылы хабардар етпеу фактілерін болдырмау үшін мемлекеттік органдардың тәжірибесінен мысалдар қаралды.
Заңнаманы қатаң сақтау: қызметкерлерге хабардар етудің белгіленген рәсімдерін орындамағаны үшін құқықтық және әкімшілік жауапкершілік ескертілді.
Кеңес Департаменттің барлық мамандары арасында ашықтықты, тиімділікті және тәртіпті арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауға бағытталған алдағы кезеңнің басым міндеттерін айқындаумен аяқталды.

24 сентября 2026
Департамент басшысы Уздембаева Г.К. бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күніне қатысты.

Департамент басшысы Уздембаева Г.К. бақылау және қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күніне қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — жұмыс қорытындыларын шығару, ашық ведомствоаралық диалог және мемлекеттік міндеттерді іске асырудағы ашықтықты қамтамасыз ету.
Бірыңғай есеп беру күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткізіліп, онда бизнес-қоғамдастықпен кездесу ұйымдастырылды. Прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу департаменті, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының өкілдері жеке кәсіпкерлікті тексеру қорытындылары туралы есептерімен сөз сөйледі.
Кеңес барысында салық салуға, баға саясатына және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, оларға тиісті түсіндірмелер берілді.
Бірыңғай есеп беру күніне қатысу ашықтыққа, жүйелі есептілікке және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды міндеттерді бірлесіп шешуге дайын екендігін көрсетеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы