
2025 жылғы 29 сәуірде департамент басшысы Г.К.Уздембаева Павлодар облысының білім басқармасының басшысы С.О.Айтқазинамен бірлесіп педагогикалық қоғам қатарынан облыстық және аудандық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен кеңес өткізді.
Кеңесте өңірдегі білім берудің проблемалық мәселелері қаралды, сондай-ақ облыстың проблемалық мәселелерін шешу бойынша бірлескен қызмет жоспарлары талқыланды.
Талқылау барысында мектептерді жаңарту мәселелеріне басты назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша таяудағы үш жылда Қазақстанда 1300-ге жуық мектеп ауқымды түрде жаңартылады, оның жартысынан көбі (54%) ауылдық жерлерде орналасқан. Жоба үш жылға есептелген: 2025 жылы 262 мектеп жаңартылады, 2026 жылы-436, 2027 жылы — 466. Павлодар облысы бойынша үш жылға арналған жаңарту жоспарына 108 мектеп енгізілді.
Мектептерді жаңарту мәселесі үнемі бақылауда болады, өйткені бізге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру инфрақұрылымын жаңғырту, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау сияқты бағыттар бойынша нақты нәтижелер мен жүйелі шаралар қажет.