Бүгін, 2025 жылғы 28 сәуірде Павлодар облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Келісім жасасудың мақсаты-құқықтық және ақпараттық қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайту және дамыту.
Департамент педагогикалық қоғамның имиджін арттыру, білім беру сапасын арттыру, педагогтердің академиялық адалдығы, педагогтердің «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын және педагогикалық әдеп нормаларын сақтауы саласындағы тиімді ынтымақтастық мәселелері бойынша облыстық кәсіподақ ұйымымен өзара іс-қимыл жасайды.