Департамент қызметкерлері Екібастұз қаласы білім бөлімінің «#7 балабақшасы» КМҚК-да жоспардан тыс тексеру жүргізді

Департамент қызметкерлері Екібастұз қаласы білім бөлімінің «#7 балабақшасы» КМҚК-да жоспардан тыс тексеру жүргізді

2025 жылғы 22 сәуірде Департамент қызметкерлері Екібастұз қаласы білім бөлімінің «#7 балабақшасы» КМҚК-да жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тәрбиеленушінің ата-анасының «E-Otinish» платформасындағы өтініші негіз болды. Тексеру барысында қажетті құжаттар талданып, бейнекамералардың жазбалары қаралды. Комиссия қорытындысы бойынша акт жасалып, ұсынымдар жазылды. Азаматтардың өтініштерімен жедел және сапалы жұмыс істеу Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.