
2025 жылғы 2 сәуірде Департамент облыс қалалары мен аудандарының білім бөлімдерінің басшыларымен кеңес өткізді.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын қолданысқа енгізілуіне байланысты лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеу рәсімінің өткізілуі туралы ақпарат білім бөлімдері басшыларының назарына жеткізілді. Қайта ресімдеу рәсімі кестеге сәйкес аудандар бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ, департамент мамандары әр ауданның мектеп директорларымен лицензияны қайта рәсімдеу алгоритмі мен механизмін түсіндіру бойынша жиналыстар өткізуді жоспарлап отыр.