Департамент Павлодар ауданы мен Тереңкөл ауданының мектеп басшыларымен кеңес өткізілді

Департамент Павлодар ауданы мен Тереңкөл ауданының мектеп басшыларымен кеңес өткізілді

2025 жылғы 2 сәуірде Департамент Павлодар ауданы мен Тереңкөл ауданының мектеп басшыларымен кеңес өткізді.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын қолданысқа енгізілуіне байланысты кеңес қатысушыларына лицензиялар мен лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеудің алгоритмі мен тетігі бойынша түсініктемелер берілді.

Қайта ресімдеу рәсімі кестеге сәйкес аудандар бойынша жүргізіледі.